Басты бет  /  Төрешілер тізілімі  /  Книпер Рольф

Книпер Рольф — «Атамекен» Төрелік орталығының төрешісі

Книпер Рольф

Құқық және экономика ғылымдары

РУСENG
Грузия Республикасындағы құқық мәселелері жөніндегі кеңесші

Білімі:
Франкфурт (Frankfurt/M) және Берлин университеттері, 1965
заң ғылымдарының докторы

Мамандануы: Құқық және экономика ғылымдары

Мансабы:
1967 - 1968: «Мюллер, Вайцель және т.б.» адвокаттық кеңсесіндегі жұмыс (Fr/M)
1969 - 1973: Билефельд қ. университетінің ғылыми ассистенті (профессор Е. Ребиндер кафедрасы)
1973: Бремен университетінің азаматтық және шаруашылық құқығы профессоры
1973 - 1974: «Әлемдік нарық, шаруашылық құқығы, ұлттық мемлекет» еңбегін дайындау үшін Италияға ғылыми іссапар
1977 - 1978: Халықаралық валюта қоры мен Дүниежүзілік банк туралы зерттеу дайындау үшін АҚШ-қа ғылыми іссапар
1978 - 1979: Чад мемлекетіндегі құқық мәселелері жөніндегі кеңесші
1981 - 1983: Орталық Африка Республикасындағы Дүниежүзілік банктің «Техникалық көмек» жобасының үйлестірушісі
1981 - 1988: Орталық Африка Республикасы үкіметінің құқық мәселелері жөніндегі кеңесшісі
1988 - қазіргі уақытқа дейін: Азия және Африка елдеріндегі заң кеңесшісі ретіндегі тұрақты қызмет
1990 - қазіргі уақытқа дейін: Бремен университетінде түрлі лауазымдар атқарған (оның ішінде декан және университеттің академиялық Сенатының мүшесі болған)
1992 - қазіргі уақытқа дейін: Грузия Республикасындағы құқық мәселелері жөніндегі кеңесші, Албания, Армения, Әзербайжан, Тәжікстан, Қазақстан, Қырғызстан, Моңғолия, Ресей, Өзбекстан, Молдова, Қытай, Украинадағы азаматтық және экономикалық заңнама мәселелері жөніндегі консультант

Тіл білуі:
Ағылшын
Француз
Итальян
Орыс

Тұрғылықты жері: Бремен қ., Германия

Қаралған төрелік істер саны: 0

← Толық тізілім

Дауды осы төрешімен қарау керек пе?

Хатшылық төрешіні сайлау тәртібін айтып, оның сіздің ісіңізге қолжетімділігін тексереді.

Хатшылыққа жазу