Басты бет / Төрелік алымдар мен шығыстар туралы ереже
Төрелік алымдар мен шығыстар туралы ереже
АЛЫМДАР МЕН ШЫҒЫСТАР ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕ Бұл құжат "Атамекен" ҰКП Арбитраж орталығына тіркеу және арбитраждық алымдарды есептеу мен төлеу тәртібі туралы ақпаратты қамтиды, сондай-ақ арбитраж орталығында істерді қарауға байланысты шығындарды жабу тәртібін реттейді (сарапшылар мен аудармашылардың қызмет ақысы, куәгерлер мен арбитрлердің шығындары). Тіркеу алымы белгіленген мөлшерде бекітілген, ал арбитраждық алым арнайы шкала бойынша есептеліп, талап сомасына байланысты өзгереді.
1-бап. Терминдердің анықтамасы
1. Тіркеу алым – «Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Арбитраж орталығына (әрі қарай – Арбитраж орталығы) талап қоюшы талап-арыз берген кезде, төрелік талқылау басталғанға дейінгі шығындарды өтеу үшін төленетін ақша сомасы.
2. Төрелік алым – талап қоюшы Арбитраж орталығына әрбір талап-арызын берген кезде Арбитраж орталығының қызметіне байланысты шығындарды (соның ішінде арбитрлер гонорары, Арбитраж орталығы қызметкерлерінің сыйақысы, төрелік талқылаудың ұйымдастырушылық және материалдық қамтуларына кеткен шығындар) өтеу үшін төленетін ақша сомасы.
3. Шығындар – Арбитраж орталығы және тараптың (немесе тараптардың) нақты істі талқылау кезінде жұмсалатын шығындары (атап айтқанда: сарапшыларға және аудармашыларға төленетін төлемдер; куәлер шығындарын өтейтін төлемдер; өкіл еңбегінің шығындары; жазбаша және затты дәлелдерді солардың орналасқан жерлеріне шығып тексеруге және зерттеуге кеткен арбитрлердің шығындары және басқа шығындар).
2-бап. Тіркеу алымы
1. Тіркеу алым ҚҚС есепке алмағанда 60 000 (алпыс мың) теңгені құрайды. Төрелік алым толықтай немесе жартылай қайтарылған кезде, тіркеу алым қайтарылуға жатпайды.
2. Істі төрелік талқылауда қараған кезде, тіркеу жинағы, Қазақстан Республикасының заңнамасына қарсы келмесе, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі төрелік алым төленген күні белгілеген ресми курс негізінде есептеліп АҚШ долларымен, еуромен немесе рубльмен төленуіне жол беріледі.
3. Қазақстан Республикасы резиденттері арасындағы жеделтетілген тәртіп ережесімен қаралатын 5 (бес) миллион теңгеден аспайтын талап-арыздар берілген кезде тіркеу жинағы төленбейді.
3-бап. Төрелік алым
1. Төрелік алым ҚҚС есепке алынбай, 100% аванспен төленіп, келесі кесте бойынша есептеледі:
Жеңілдетілген тәртіп ережесімен қаралатын даулар бойынша төрелік алым алымдардың жалпы шкаласы бойынша есептеледі.
2. Егер талап бағасы қазақстандық теңгемен көрсетілсе, төрелік алым теңгемен төленеді. Талаптың бағасын АҚШ долларына, еуроға немесе рубльге аударған кезде, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі төрелік алым төленген күні белгілеген ресми курсы қолданылады. Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмесе, талап қоюшының қалауы бойынша төрелік алым АҚШ долларымен, еуромен немесе рубльмен төленеді. Талап қоюшының өтініші бойынша, төрелік алымды АҚШ доллары, еуро және рубльден басқа да еркін айырбасталатын валютада төлеуге рұқсат етіледі. Төрелік алымды есептеген кезде, төленетін ақша бүтін сандарға дейін дөңгелектенеді.
3-1 бап. Талап-арыздың бағасы
1. Талап-арыздың бағасы:
1) талапта ақшаны өндіру болса – талап етілген сомамен;
2) талапта меншігін өндіру болса – сол меншіктің бағасымен;
3) тұрғынжайды жалдауды қоспағанда, мүліктік жалдау (жалға алу) шартын мерзімінен бұрын бұзу туралы талап қоюларда – шарттың (келісімшарттың) қолданысының қалған мерзімінде мүлікті пайдаланғаны үшін төлемдердің, бірақ үш жылдан аспайтын мерзімдегі жиынтығымен.
2. Егер талап-арызда бірнеше талаптар қойылса, онда әрбір талаптың құны бөлек көрсетілуі тиіс. Мұндай жағдайда талап-арыздың бағасы барлық талаптардың жалпы сомасымен анықталады.
3. Талап-арызда көрсетілген бағаға өндірілуге жататын тұрақсыздық айыбының (айыппұл, өсімпұл) сомалары және басқа да келісімшарттық санкциялар қосылады.
4. Талап-арыздың бағасына төрелiк алымдар және шығыстар, сонымен қатар тарап шығындарын өтеу сомалары кірмейді.
5. Келісім-шартты жасасу, өзгерту және бұзу, мәмілені жарамсыз, толықтай немесе жартылай жасалмаған деп тану, сондай-ақ басқа да мүліктік емес сипаттағы дауларға төрелік алым 200 000 (екі жүз мың) теңгені құрайды.
6. Егер талап қоюшының талап бағасын анықтамаса немесе оның бағасын тиісті түрде айқындамаса, төрелік талаптың бағасын өз бастамасымен немесе жауапкер талабын ескеріп істегі деректерге байланысты анықтайды.
7. Талаптың бағасын талап-арыз берген кезде анықтау қиынға түссе, онда төрелік алым көлемін Арбитраж орталығының басшысы алдын ала анықтап, кейін төрелік талап бағасын анықтаған кезде тиісті төрелік алым қосымша өндіріледі немесе артық мөлшері қайтарылады.
4-бап. Төрелік алым көлемінің азайтылуы
1. Егер іс жеке арбитрмен қаралса, талап қоюшының өтініші бойынша төрелік алым 15% төмендетілуге жатады. Бұл ереже Қазақстан Республикасы резиденттері арасындағы жеделтетілген тәртіп ережесімен қаралатын 5 (бес) миллион теңгеден аспайтын талап-арыздарға қолданылмайды.
2. Талап қоюшы арбитрлер құрамы жасақталғанша дейін талап-арызын қайтаруды сұраса, онда төрелік алым 75% төмендетілуге жатады.
3. Талап қоюшы талап-арызын істің бірінші тыңдалуына дейін қайтаруды сұраса, онда төрелік төлем 40% төмендетілуге жатады.
4. Талап қоюшы бір жыл ішінде Арбитраж орталығына қайта өтініш берген кезде, онда төрелік алым 10% төмендетілуге жатады. Бұл ереже Қазақстан Республикасы резиденттері арасындағы жеделтетілген тәртіп ережесімен қаралатын 5 (бес) миллион теңгеден аспайтын талап-арыздарға қолданылмайды.
4-1 бап. Төрелік алымды қайтару
1. Егер төрелік құрамы төрелік талқылауды тоқтату туралы ұйғарым шығарған болса, талап қоюшыға іс бойынша кеткен шығындар сомасы, оның ішінде 50 000 теңге мөлшеріндегі төреші гонорарының сомасы төрелік алым сомасынан шегеріліп келесі негіздер бойынша қайтарылады:
1) Арбитраж орталығының қарауына берiлген дау оның құзыретiне жатпайды;
2) сол тараптар арасындағы сол нысана және сол негіздер дау бойынша қабылданған және заңды күшіне енген сот немесе төрелік шешім болған;
3) төрелiк талқылау тарапы болып табылатын заңды тұлға таратылған;
4) төрелiк талқылаудың тарапы болып табылатын жеке тұлға қаза тапқан немесе ол қайтыс болды деп жарияланған не хабарсыз кеткен деп танылған жағдайларда.
2. Осы Ереженің 4-1 бабының 1-тармағында көрсетілген негіздер бойынша төрелік талқылау төрелік құрамы жасақталғанша дейін тоқтатылса, онда төрелік алым көлемін іс бойынша шығындарды ала отырып қайтару туралы ұйғарымды Арбитраж орталығының басшысы қабылдайды.
3. Егер төрелік шешім оның қарауына берiлген дау оның құзыретiне жатпайтын себебімен жойылса, талап қоюшыға арбитрлердің гонорарын ала отырып, төрелік алым кайтарылады.
4. Екі тарап төрелік талқылау кезінде өзара келісімге келсе және де сол шешім арбитрлермен бекітілсе, төрелік алым талап берген кездегі төленген соманың 50 % дейін қайтарылады.
5. Қойылған талаптың мөлшері іс бойынша бірінші тыңдауға дейін азайтылған түрде, талап қоюшыға бастапқы төрелік алымның 50 % дейін қайтарылады.
5-бап. Төрелік алым көлемін ұлғайту
Істі төрелік талқылау кезінде, талап қоюшы талап бағасын ұлғайтса, төрелік алым сомасын қосымша төлеуі тиіс.
6-бап. Қарсы талап немесе талапты есепке алу туралы талап қойылғандағы төрелік алым
Қарсы талап-арыздың және талапты есепке алу туралы талаптың төрелік жинағына бірінші талап-арыздың төрелік жинағына қойылған тәртіп қолданылады.
7-бап. Төрелік алымды тараптар арасында бөлу
1. Тараптар арасында белгілі келісім болмаса, төрелік құрамы қарсы шешім қай жаққа қабылдаса, сол тарапқа төрелік алымды төлеу жүктеледі.
2. Егер талап-арыз жартылай қанағаттандырылса, онда төрелік алымды өтеу талап-арыз қанағаттандырған көлеміне сәйкес жауапкерге және талап қоюшыға – талап-арызды қанағаттандырусыз қалдырылған көлемінде жүктеледі.
8-бап. Шығындарды жабу
1. Төрелік талқылауға байланысты болған шығындарды өтеуді, арбитрлер құрамы тараптарға немесе тараптардың біріне жүктеулері мүмкін және сәйкес тараптан немесе тараптардан аванс төлеуін талап етуге құқылы. Егер жауапкер сол авансты белгілі мерзімде төлемесе сол авансты төлеу талап қоюшыға жүктеледі.
2. Тараптардың бірі белгілі бір іс-әрекеттерді жасауды сұраса, ал өтінім орынды деп танылса, онда шығынды өтеу осындай өтінім жасаған жаққа жүктеледі.
3. Егер талқылауға қатысатын арбитрдің тұрақты жері істі қарастыратын жерден басқа жерде болса, онда оның арбитрлер құрамы қарайтын төрелік талқылауға қатысуын қамтамасыз ету үшін арбитрді таңдаған тарап алдын-ала оған қажетті шығындарды өтеуге тиіс (транспорттық, тұратын жері және т.б. шығындар). Егер ондай арбитр арбитрлер құрамының төрағасы болып сайлаған болса, онда оның төрелік талқылауға қатысуын қамтамасыз етуге кететін шығындарды жабу үшін тараптар бірдей сомада алдын-ала ақшаларын төлеуі тиіс. Егер жауапкер тиісті алдын-ала жіберетін төлемін уақытында өтемесе, онда ол шығынды өтеу талап қоюшыға жүктеледі.
4. Тараптар арасында шығындарды өтеу осы Ереженің 7-бабының тәртібіне сәйкес жүргізіледі.
9-бап. Төрелік шығындарды төлеу тәртібі
1. Ереженің талаптарына сәйкес төленуге жататын төрелік шығындар Арбитраж орталығының есеп шотына түскен күннен бастап төленді деп есептеледі.
2. Арбитраж орталығының пайдасына төрелік шығындарды банк арқылы аударғанда комиссиялық ұсталымдар тиісті төлемдерді өткізген тарапқа жүктеледі.
10-бап. Өкілдің көмегі үшін төленетін шығындар
1. Өкілдің көмегі үшін төленетін төлем төрелік талқылаудың шығыны болып саналады.
2. Шығындарды өтеу туралы өтініш төрелік шешім шығарылғанға дейін берілуі тиіс.
3. Тараптың қай жағының пайдасына төрелік шешім қабылданса, арбитрлер құрамы сол жақтың мүддесін қорғап, төрелік талқылауға қатысқан өкілдің еңбегіне жұмсалған шығындарды сол тараптың пайдасына өндіруі тиіс. Мүліктік талаптар бойынша бұл шығындар талап-арыздың қанағаттандырылған бөлігінің 10 (он) пайызынан аспауы керек.
11-бап. Арбитрлер қызметтері үшін шығындарды өтеу
Арбитр гонорарының көлемі талап-арыздың сомасына сәйкес, даудың күрделілігіне, жұмсаған уақытына және басқа жағдайларға байланысты болуы керек.
12-бап. Төрелік шығындар мен жиналымдарды өзгеше реттеу
Нақты іс бойынша, Арбитраж орталығы басшысының келісімімен, арбитрлер құрамы Ереженің 7-8 және 10 баптарымен қарастырылған тараптар арасындағы шығындар мен төлемдерді бөлу туралы тәртіптен басқаша, атап айтқанда, тараптың бірінің пайдасына екінші жақтан шығындар өндіреді, егер біріншінің шығындары екінші жақтың орынсыз немесе келеңсіз іс-әрекеттеріне байланысты, сонымен бірге төрелік өндірістің қаралуы себепсіз созылған болса.
