Калькулятор

Басты бет / Құпиялылық саясаты

Құпиялылық саясаты

«Атамекен» Төрелік орталығы сайтқа келушілердің дербес деректерін қалай өңдейді және қорғайды.

Жалпы ережелер

1.1. «Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының «Атамекен» Төрелік орталығы» жеке мекемесінің, БСН 140740017384, осы Құпиялылық саясаты (бұдан әрі – Саясат) https://aca.kz/ сайты пайдаланушыларының (келушілерінің) дербес деректерін өңдеудің көлемін, мақсаттарын және тәсілдерін белгілейді. Саясатта пайдаланылатын терминдер мен анықтамалар 2013 жылғы 21 мамырдағы № 94-V «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» ҚР Заңында (бұдан әрі – Заң) және тиісті нормативтік актілерде белгіленген мағыналарда қолданылады, Саясат Заң талаптарына сәйкес ашық қолжетімділікте жарияланады.

Дербес деректерді өңдеудің құқықтық негіздері

Дербес деректерді өңдеудің құқықтық негіздері: субъектінің келісімі; дербес деректерді өңдеуді тек алдын ала айқындалған және заңды мақсаттар үшін жүргізу; жинаудың бастапқы мақсаттарына сәйкес келмейтін дербес деректерді өңдеуге жол бермеу болып табылады. Компания өңдеудің мәлімделген мақсаттарына қатысты артық көлемдегі дербес деректерді жинамайды және өңдемейді.

Пайдаланушының дербес деректерді өңдеуге келісімі

Сайтта орналастырылған кері байланыс нысандары арқылы хабарлама жіберу арқылы сайт пайдаланушысы дербес деректерін осы Саясатта айқындалған мақсаттарда және көлемде өңдеуге өз келісімін білдіреді. Егер сайт мұндай мүмкіндік берсе, пайдаланушы электрондық пошта арқылы таратылымды алуға жазыла алады. Таратылымда жаңалықтар, талдамалық материалдар, Сайт әкімшісі өткізетін іс-шаралар және т.б. туралы мәліметтер болуы мүмкін. “E-mail” өрісін толтыра отырып, пайдаланушы осындай таратылымдарды алуға өз келісімін береді. Пайдаланушы кез келген уақытта таратылымды алуға берген келісімін кері қайтарып ала алады.

Дербес деректерді өңдеудің мақсаттары

Сайт пайдаланушыларының дербес деректерін өңдеудің мақсаттары пайдаланушыға көрсетілетін қызметтер, азаматтық-құқықтық шарттарды жасасу және орындау шарттары туралы ақпарат беру, сондай-ақ кеңес беру, қызметтер және/немесе іс-шаралар туралы ақпарат жіберу болып табылады. Егер сайт пайдаланушысы сайтты жай ғана қараса, дербес деректер өңделмейді.

Өңделетін дербес деректердің көлемі мен санаты

Пайдаланушы сайтта көрсете алатын дербес деректердің көлемі: аты, тегі, телефон нөмірі, электрондық пошта мекенжайы, компания. Көрсетілген дербес деректерді өңдеу мақсатында Пайдаланушы ҚР заңнамасына және осы Саясатқа сәйкес Дербес деректерді өңдеуге келісім береді. Көрсетілген дербес деректер жалпы санатқа жатады. Сайтта куки (cookie) өңдеу технологиялары пайдаланылады — бұл браузер пайдаланушы кірген сайттардан деректерді жазатын шағын мәтіндік файлдар. Бұл деректер келушілердің сайттағы әрекеттері туралы ақпарат жинау, оның мазмұнының сапасы мен мүмкіндіктерін жақсарту үшін қызмет етеді. Куки (cookie) өңдеу технологиясын пайдалану иесіздендірілген болып табылады және Сайт әкімшісіне сайттың нақты пайдаланушысын сәйкестендіруге немесе оның дербес деректеріне қол жеткізуге мүмкіндік бермейді. Пайдаланушы кез келген уақытта өз браузерінің баптауларындағы параметрлерді браузер барлық cookie файлдарын сақтауды тоқтататындай, сондай-ақ олардың жіберілуі туралы хабарлайтындай етіп өзгерте алады. Бұл жағдайда сайттың кейбір сервистері мен функциялары жұмысын тоқтатуы немесе дұрыс жұмыс істемеуі мүмкін.

Дербес деректерді өңдеу, сақтау және жою тәсілдері

Пайдаланушылардың дербес деректері тек электрондық жеткізгіштерде сақталады және автоматтандырылған жүйелерді пайдалана отырып өңделеді, дербес деректерді автоматтандырылмаған өңдеу заңнама талаптарын орындауға байланысты қажет болатын жағдайларды қоспағанда. Дербес деректерді өңдеу мерзімі өткен соң немесе сайт пайдаланушысы дербес деректерді өңдеуге берген келісімін кері қайтарып алған жағдайда пайдаланушының дербес деректері өшіру арқылы жойылуға жатады.

Дербес деректердің құпиялылығы

Сайт әкімшісі Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, сайт пайдаланушыларының дербес деректерін олардың келісімінсіз үшінші тұлғаларға ашпайды және таратпайды.

Дербес деректерді өңдеу мерзімі

Пайдаланушы ұсынған деректер оларды жинау мақсаттарына қол жеткізілгенге дейін не пайдаланушы дербес деректерді өңдеуге берген келісімін кері қайтарып алғанға дейін, не өзінің тіркелгісін жойғанға дейін, не ақпарат таратылымынан бас тартқанға дейін өңделеді.

Деректерді трансшекаралық беру

Сайтты және cookie файлдарын пайдалану процесінде пайдаланушылардың иесіздендірілген деректері (IP-мекенжай, сессия параметрлері, cookie деректері) Қазақстан Республикасының аумағынан тыс орналасқан үшінші тарап веб-талдау сервистерінің серверлеріне берілуі мүмкін (оның ішінде Google Analytics: деректерді Google өңдейді және олар АҚШ-тағы Google серверлеріне берілуі және сонда сақталуы мүмкін)

Дербес деректер субъектісінің құқықтары

Дербес деректер субъектісі Заң талаптарына сәйкес сайт әкімшісіне өзінің дербес деректерін өңдеуге қатысты ақпарат алуға сұрау салу жіберуге құқылы. Бұл сұрау салу “Байланыс” бөлімінде көрсетілген мекенжайлар бойынша жіберілуі мүмкін. Дербес деректер субъектісі “Байланыс” бөлімінде көрсетілген мекенжайлар бойынша Сайт әкімшісінің атына өтініш жіберу арқылы бұрын берген Дербес деректерді өңдеуге келісімін кері қайтарып алуға құқылы.

Дербес деректерді қорғау

Сайт әкімшісі Заңда және оған сәйкес қабылданған нормативтік құқықтық актілерде көзделген міндеттердің орындалуын қамтамасыз ету үшін қажетті және жеткілікті шараларды қабылдайды. Сайт әкімшісі осындай міндеттердің орындалуын қамтамасыз ету үшін қажетті және жеткілікті шаралардың құрамы мен тізбесін өз бетінше айқындайды. Дербес деректерге Сайт әкімшісінің уәкілетті қызметкерлері ғана қол жеткізе алады. Сайт әкімшісінің дербес деректерге қол жеткізе алатын барлық қызметкерлері дербес деректердің құпиялылығын және қорғалуын қамтамасыз ету саясатын ұстануға, сондай-ақ ҚР заңнамасында белгіленген дербес деректерді өңдеуге және таратуға қатысты тыйымдар мен шектеулерді сақтауға тиіс.

«Атамекен» ҰКП Төрелік орталығы сайты пайдаланушыларының дербес деректерін өңдеу саясатына 1-қосымша

«Атамекен» ҰКП Төрелік орталығы сайты пайдаланушысының келісімі

Мен, «Атамекен» ҰКП Төрелік орталығы сайтының пайдаланушысы, осы арқылы «Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының «Атамекен» Төрелік орталығы» жеке мекемесінің (бұдан әрі – Компания) менің дербес деректерімді жинауына, өңдеуіне, сақтауына және беруіне еркін әрі саналы түрде келісім беремін. Мен, Сайт Пайдаланушысы, Сайт әкімшісінен электрондық пошта немесе телефон арқылы ақпарат алуға келісім беремін. Дербес деректерді өңдеудің мақсаттары: пайдаланушыға Компания туралы, оның ішінде көрсетілетін қызметтер, азаматтық-құқықтық шарттарды жасасу және орындау шарттары туралы ақпарат беру, сондай-ақ кеңес беру, Сайт әкімшісінің қызметтері және/немесе іс-шаралары туралы ақпарат жіберу. Дербес деректерді өңдеу көлемі: Сайт Пайдаланушысының аты, тегі, электрондық пошта мекенжайы, телефон нөмірі, компаниясы. Осы келісімді мен жоғарыда көрсетілген мақсаттарға қол жеткізу үшін қажетті менің дербес деректеріме қатысты әрекеттерді, оның ішінде (шектеусіз) дербес деректерді жинауды, жүйелеуді, жинақтауды, сақтауды, нақтылауды (жаңартуды, өзгертуді), пайдалануды, иесіздендіруді, бұғаттауды, сондай-ақ ҚР қолданыстағы заңнамасында көзделген кез келген өзге де әрекеттерді жүзеге асыруға беремін. Дербес деректер ҚР қолданыстағы заңнамасында көзделген жағдайларды, сондай-ақ иесіздендірілген деректерді (оның ішінде cookie файлдарын және веб-талдау деректерін) үшінші тарап талдау сервистерінің серверлеріне трансшекаралық беру жағдайларын қоспағанда, үшінші тұлғаларға берілмейді. Дербес деректерді өңдеуге берілген осы келісім Сайт әкімшісінің не сайттың қызметі тоқтатылған сәтке дейін әрекет етеді. Дербес деректерді өңдеуге берілген осы келісімді мен “Байланыс” бөлімінде көрсетілген мекенжайлар бойынша Сайт әкімшісінің атына өтініш жіберу арқылы кері қайтарып ала аламын. Дербес деректерді өңдеу саясаты сілтеме бойынша ашық жалпыға қолжетімді жерде орналастырылған. Пайдаланушылардың дербес деректері тек электрондық жеткізгіштерде сақталады және автоматтандырылған жүйелерді пайдалана отырып өңделеді, дербес деректерді автоматтандырылмаған өңдеу заңнама талаптарын орындауға байланысты қажет болатын жағдайларды қоспағанда.