Басты бет / Төрелік орталықтың регламенті
Төрелік орталықтың регламенті
РЕГЛАМЕНТ "Атамекен" ҰКП Арбитраж орталығының регламенті – арбитраждық процесті реттейтін негізгі құжат. Ол дауларды қараудың жалпы тәртібін, арбитрлерді іріктеу рәсімін, өндіріс кезеңдерін, құжаттарды ұсыну және беру ережелерін, сондай-ақ шешім шығару мен арбитраждық процесті тоқтату тәртібін белгілейді.
Кіріспе
«Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Арбитраж орталығының (әрі қарай – Арбитраж орталығы) Регламенті оның қызметінің ұйымдастырылу тәртібін және төрелік талқылаудың ережелерін анықтайды.
Тараптарға Арбитраж орталығына жүгіну үшін келесі төрелік келісім үлгісін қолдану ұсынылады:
«Осы келісім-шарттан (контрактіден) немесе соған байланысты туындаған барлық даулар, талаптар, сонымен қатар шарттың бұзылуы, тоқтатылуы немесе жарамсыздығына байланысты келіспеушіліктер «Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Арбитраж орталығында, оның қолданыстағы Регламентіне сәйкес түпкілікті шешілуге жатады.
Осы келісім-шарттан (контрактіден) немесе соған туындаған барлық даулар, сонымен қатар шарттың бұзылуы, тоқтатылуы немесе жарамсыздығына байланысты келіспеушіліктер және талаптар, төрелік талқылаудың нысанасы болып табылады.
Қажет болған жағдайларда төрелік келісімге төмендегідей толықтырулар жасауға болады:
«Төрелік құрам (бір\үш) арбитрден тұрады.
Төрелік талқылау орны – (қаланы көрсету) болып табылады.
Төрелік талқылау тілі (тілді көрсету) болуы тиіс.
Осы контракт (келісім-шарт) (нақты мемлекетті көрсету) материалдық құқық нормаларымен реттеледі».
I. Тарау. Жалпы ережелер
1-бап. Арбитраж орталығының мәртебесі
1. Арбитраж орталығы Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне, Арбитраж орталығының осы Регламентіне (әрі қарай – Регламент) және Қазақстан Республикасымен ратификацияланған халықаралық келісім-шарттарға сәйкес қызмет атқаратын тәуелсіз, тұрақты жұмыс істейтін төрелік болып табылады.
2. БҰҰ-дағы Қазақстанның тұрақты өкілдігінің 2014 жылдың 11 қыркүйектегі хабарламасына сәйкес, Сыртқы сауда төрелігі туралы Еуропа конвенциясының 4- бабында қарастырылған функциялар Арбитраж орталығымен жүзеге асырылады. Егер тараптар пайда болған немесе пайда болатын дауларды тұрақты төрелікке беруге келіссе, алайда нақты төрелікті тағайындамаса (көрсетпесе) және бұл мәселе бойынша келісімге келмесе, онда Сыртқы сауда төрелігі туралы Еуропа конвенциясының (Женева, 1961 жылдың 21сәуірі) 4-бабына сәйкес Арбитраж орталығының басшысы нақты төрелік органын, соның ішінде Арбитраж орталығын тағайындай алады.
2-бап. Арбитраж орталығының құзіреті
Арбитраж орталығы заңды тұлғалардың (сондай-ақ, шетелдік) және (немесе) жеке тұлғалардың (сондай-ақ, жеке кәсіпкерлер) арасындағы азаматтық-құқықтық қатынастардан туындайтын дауларды, олардың азаматтығына, тұрақты мекен-жайына және орналасқан жеріне қарамастан қарайды.
3-бап. Арбитраждық келісім
1. Арбитраж орталығы дауларды арбитраждық келісім болған жағдайда өзінің қарауына қабылдайды. Арбитраждық келісім тараптар арасында жасалған келісім-шартта арбитраждық ескертпе ретінде болуы, шартқа бөлек келісім жасалуы немесе келісім- шарттың бір бөлігі болып табылатын басқа құжатқа осы ескертпе туралы сілтеме арқылы жасалуы мүмкін. Сонымен бірге, арбитраждық келісім хаттар, телеграммалар, телефонограммалар, факстер, электрондық құжаттар немесе субъектілерді және олардың ерік білдіруін айқындайтын өзге құжаттармен алмасу арқылы жасалуы мүмкін.
2. Егер Арбитраж орталығында талап арыз және талапқа пікірмен алмасу болса және онда тараптардың бірі келісімнің бар екенін растаса, ал екінші тарап бұған қарсы болмаса, төрелік келісім жазбаша нысанда жасалған болып есептеледі.
3. Дау құзіретті сотта (мемлекеттік сотта) қаралып жатқан кезде, ол сот іс бойынша шешім қабылдағанға дейін, тараптар даудың қаралуын Арбитраж орталығына беру туралы өзара келісімге жетуі мүмкін.
4. Арбитраждық келісім (ескертпе) өз алдына тараптар арасындағы дербес келісім болып табылады және негізгі келісім-шарттың әрекет ету мерзіміне және жарамдылығына қарамастан өзінің заңдылық күшіне ие болады. Арбитраждық келісімнің күші тараптардың келісімі бойынша қандай тәртіпте жасалса, сол тәртіпте тоқтатыла алады.
5. Тараптармен даудың қаралуын Арбитраж орталығына беру туралы жасалған арбитраждық келісім, олардың осы Регламентпен (оның талап арыз берген күнінен бастап төрелік талқылау басталғанша дейін болған барлық өзгерістерімен және толықтыруларымен) келісетіндіктерін білдіреді және ол арбитраждық келісімнің бөлінбес бөлігі болып қаралады.
4-бап. Қолданылатын құқық
1. Арбитраж орталығында дау тараптардың қолданылатын құқық ретінде таңдап алған құқық нормаларына сай қаралады.
2. Тараптардың қолданылатын құқық туралы келiсiмi болмаған жағдайда, қолданылатын құқықты төрелік құрамы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындайды.
5-бап. Құпиялылық
Арбитраж орталығында дауды қарау барысында белгілі болған мәліметтерді Арбитраж орталығының қызметкерлері, арбитрлер, сонымен бірге төрелік талқылаудың тараптары және өзге де қатысушылары тараптардың рұқсатынсыз бұл мәліметтерді жариялауға құқығы жоқ.
6-бап. Қарсылық білдіру құқығынан бас тарту
«Төрелік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (әрі қарай – «Төрелік туралы» Заң), осы Регламенттің немесе төрелік келiсiмнiң қандай да бiр ережесi сақталмағаны туралы бiлетiн тарап, сөйте тұра осындай сақталмауға 5 (бес) күнтізбелік күн ішінде қарсылықтарын мәлімдеместен төрелік iс қарауға қатысуды жалғастыра берсе өзiнiң қарсылық бiлдiру құқығынан бас тартқан болып есептеледi.
7-бап. Мерзімдер және оны анықтау
1. Істі қарауға байланысты әрекеттер, осы Регламентпен белгіленген мерзімдерде орындалуға тиіс. Егер мұндай іс-әрекеттер жасаудың мерзімі Регламентпен белгіленбесе, онда ол мерзімді төрелік қолданыстағы заңнамаға сәйкес анықтайды.
2. Осы Регламент бойынша мерзімдерді есептеу хабарламаны, мәлімдемені немесе ұсынысты алған күннен кейінгі күні басталады. Мерзімнің соңғы күні демалыс күніне келетін болса, онда мерзімнің аяқталатын күні одан кейінгі жұмыс күні болып есептеледі.
3. Осы Регламентпен белгіленген белгілі бір іс бойынша мерзімді төрелік құрамы жасақталғанға дейін ұзарту қажет болса, онда ол сұрақты Арбитраж орталығының басшысы шешуге құқылы, ал төрелік құрамы қалыптасқан кезде, бұл сұрақты кейінгілердің өздері шешеді.
8-бап. Арбитраж орталығында құжаттарды (істерді) тіркеу және сақтау
1. Арбитраж орталығына арбитраждық талқылау тараптарынан келіп түскен барлық құжаттар міндетті түрде тіркеуге жатады. Арбитраж орталығымен құжаттарды қабылдау мерзімі ретінде оларды тіркеу күні болып табылады.
2. Түпкілікті шешім қабылданған күннен бастап қаралған іс Арбитраж орталығында 3 (үш) жыл сақталады.
II. Тарау. Арбитраж орталығының ұйымдық құрылымы
9-бап. Арбитраж орталығының құрамы
Арбитраж орталығы басшыдан, Хатшылықтан, өзге құрылымдық және өңірлік бөлімдерден тұрады. Арбитраж орталығы арбитрлер тізілімін жүргізеді.
10-бап. Арбитраж орталығының басшысы
Арбитраж орталығының басшысы осы Регламентпен көзделген қызмет бойынша шешімдер қабылдап, Арбитраж орталығына келісім-шарт жасау және сенімхат беру құқығымен жалпы басшылық жасайды. Сондай-ақ, Арбитраж орталығы атынан тиісті органдарда өкілдік етеді, шешім, ұйғарым және өзге құжаттар көшірмелерін растайды, осы Регламентпен көзделген басқа да функцияларды атқарады.
Арбитраж орталығының басшысы, тараптарыдың келісімімен, барлық арбитраждық іс қарау отырыстарына қатысуға құқылы.
11-бап. Арбитраж орталығының хатшылығы
Жауапты хатшы басқаратын Хатшылық Арбитраж орталығының іс жүргізу жұмысын, жазбаша құжаттардың тиісті сақталуын ұйымдастыра отырып, Арбитраж орталығының қызметі туралы ақпараттар тарату мәселелерімен шұғылданады, сонымен бірге осы Регламентпен көзделген өзге де функцияларды атқарады.
III. Тарау. Төрелік іс жүргізудің басталуы
12-бап. Талап-арызды беру
Дауды Арбитраж орталығында шешу төрелік іс жүргізуді қозғауды қалайтын тараппен (әрі қарай – талапкер) жазбаша талап-арыз беру (соның ішінде, электрондық сандық қолмен куәландырылған электрондық нысанда) арқылы жүзеге асырылады.
13-бап. Талап-арыздың мазмұны
1. Талап-арызда мыналар:
1) талап-арыздың берілген күні;
2) талапкердің атауы, оның пошталық мекен-жайы, электрондық адресі, банктік реквизиттері, телефон номерлері;
3) жауапкердің атауы, оның пошталық мекен-жайы, электрондық адресі, банктік реквизиттері, телефон номерлері, егер бұл мәліметтер талапкерге белгілі болса;
4) Арбитраж орталығына жүгіне негіздемесі;
5) талапкердің талаптары;
6) әр талап сомасының есебі;
7) талапкер өзінің талаптарын негіздейтін жағдайлар;
8) талап-арызды бекітетін негіздемелердің дәлелдері;
9) талап-арыздың бағасы;
10) төрелік құрамына кіретін арбитрлер саны туралы ұсыныс, сондай-ақ талапкер таңдаған арбитрдің аты-жөні немесе арбитр Арбитраж орталығының басшысымен тағайындалуы туралы өтініш;
11) төрелік талқылауды өткізу орны, қолданылатын құқық және талқылау тілі бойынша ұсыныстар;
12) талап-арызға қосымша құжаттар және басқа да материалдар тізімі көрсетілуі тиіс.
2. Талап-арызға мыналар:
1) жауапкерлер, арбитрлер саны бойынша талап-арыздың көшірмелері және Арбитраж орталығына бір көшірмесі;
2) тіркеу және арбитраж жинақтарының төленгенін дәлелдейтін құжаттар;
3) талапкер өзінің талаптарын негіздейтін жағдайларды бекітетін құжаттар, бұл құжаттардың көшірмелері жауапкерге, арбитрлерге және Арбитраж орталығына бір данасы;
4) талап-арыздың электрондық нысаны (Word және PDF) және оған қоса берілген құжаттардың PDF форматындағы скан-көшірмелері қоса беріледі. Талапкер өзінің талап- арызына іске қатысты деп санайтын құжаттарды қоса бере алады, сонымен қатар болашақта ұсынатын құжаттарға немесе дәлелдемелерге сілтеме жасай алады.
3. Талап-арызға талапкер немесе оның өкілі (егер құзыреті болса) қол қоюы тиіс. Егер талап-арызға талапкердің өкілі қол қойса, талап-арызға өкілдің құзыретін дәлелдейтін сенімхат (нотариалды куәландырылған көшірмесі) немесе өзге құжаттың түпнұсқасы қоса берілуі керек.
4. Талап-арыз және оған қоса берілген құжаттар қазақ немесе орыс тілдерінде берілуі тиіс. Егер талап-арыз басқа тілдерде берілсе, онда талапкер ол құжаттардың қазақ немесе орыс тілдеріне нотариалды куәландырылған аудармасын қамтамасыз етуі керек.
14-бап. Талап-арыздың бағасы
1. Талап бағасы:
1) талапта ақшаны өндіру болса – талап етілген сомамен;
2) талапта меншігін өндіру болса – ол меншіктің бағасымен;
3) тұрғынжайды жалдауды қоспағанда, мүліктік жалдау (жалға алу) шартын мерзімінен бұрын бұзу туралы талап қоюларда – шарттың (келісімшарттың) қолданысының қалған мерзімінде мүлікті пайдаланғаны үшін төлемдердің, бірақ үш жылдан аспайтын мерзімдегі жиынтығымен;
2. Егер талапта бірнеше талаптар қойылса, онда әрбір талаптың құны бөлек көрсетілуі тиіс. Мұндай жағдайда талап-арыздың бағасы барлық талаптардың жалпы сомасымен анықталады.
3. Талап арызда көрсетілген бағаға өндірілуге жататын тұрақсыздық айыбының (айыппұл, өсімпұл) сомалары және басқа да келісмшарттық санкциялар қосылады.
4. Талап-арыздың бағасына төрелiк жиындар және шығыстар, сонымен қатар тарап шығындарын өтеу сомалары кірмейді.
5. Келісім-шартты жасасу, өзгерту және бұзу, мәмілені жарамсыз, толықтай немесе жартылай жасалмаған деп тану, сондай-ақ басқа да мүліктік емес сипаттағы дауларға төрелік алым 100 000 (жүз мың) теңге құрайды.
6. Егер талапкер талап бағасын анықтамаса немесе оның бағасын тиісті түрде айқындамаса, төрелік талаптың бағасын өз бастамасымен немесе жауапкер талабын ескеріп істегі деректерге байланысты анықтайды.
7. Талаптың бағасын талап-арыз берген кезде анықтау қиынға түссе, онда арбитраждық жинақ көлемін Арбитраж орталығының басшысы анықтап, кейін төрелік талап бағасын анықтаған кезде тиісті арбитраждық жинақ қосымша өндіріледі немесе артық мөлшері қайтарылады.
15-бап. Арбитраждық шығыстар
1. Арбитраждық шығыстар тіркеу және арбитраждық жинақтардан, сонымен бірге дауды шешуге байланысты болған шығындардан тұрады.
2. Тіркеу жарнасының көлемі бекітілген және қайтаруға жатпайды.
3. Тіркеу және арбитраждық алымдар көлемі, оларды төлеу және үлестіру тәртібі, сонымен қатар төрелік талқылау кезіндегі шығындарды жабу Арбитраж орталығының төрелік алымдары және шығыстары туралы ережесімен реттеледі.
4. Арбитрлер гонорарларының көлемі төрелікпен әрбір нақты жағдайда талап- арыздың сомасына, даудың күрделілігіне, төрелік талқылауға арбитрлардың кеткен уақытына және іске қатысты басқа да жағдайларға байланысты анықталады.
16-бап. Талап-арызды қозғалыссыз қалдыру
1. Егер талап-арыз осы Регламенттің 13-бабының талаптарына сәйкес келмесе немесе талапкермен тіркеу және арбитраждық алымдар төленбесе, онда Жауапты хатшы талап-арызды қабылдап алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күн ішінде талапкерді оның талап арызы қозғалыссыз қалдырылғанды жайлы хабардар етіп, онда көрсетілген кемшіліктерді белгіленген уақыт ішінде жоюды көрсетеді, бірақ ол мерзім 10 (он) жұмыс күнінен аспауы тиіс.
2. Егер талапкер хабарламада көрсетілген уақыт ішінде кемшіліктерді жоятын болса, онда талап-арыз алғашқы рет берілген күні Арбитраж орталығына тапсырылды деп есептеледі. Олай болмаса талап-арыз берілмеді деп саналып, ол талапкерге қоса берілген құжаттармен бірге қайтарылады.
17-бап. Талап-арызды қайтару
1. Арбитраж орталығы талап-арызды егер:
1) тараптар арасында төрелік келісім болмаса, тек төрелік келісім талап-арыз бен пікірдің Арбитраж орталығында алмасу арқылы болған жағдайларды қоспағанда;
2) талап төрелік келiсiмде көзделмеген төрелікке берiлсе;
3) талап нысанасы арбитраждық келісімнен сырт жатса;
4) төрелік келісімнің қатысушылары болып табылмайтын үшінші тұлғалардың мүдделерін қозғаса;
5) талапқа қол қоюға өкiлеттiктерi жоқ адам қол қойса;
6) талапкер талап арызды қайтарып алу туралы өтініш берсе;
7) Арбитраж орталығының немесе басқа төреліктің іс жүргізуінде сол тараптар арасындағы сол нысана туралы және сол негіздер бойынша дау жөнінде іс бар болса, талап арызды қайтарады.
2. Талап арыз қайтарылған кезде төрелік дәлелді ұйғарым шығарылады және ол талапкерге жіберіледі немесе қолхат арқылы тапсырылады.
3. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген жағдайларды жойған кезде, талаптың қайтарылуы талап қоюшының сол жауапкерге сол нысана туралы және сол негіздер бойынша талап қойып, Арбитраж орталығына қайтадан жүгінуіне кедергі келтірмейді.
18-бап. Талап-арызды қабылдау
Талап арыз түскен күннен бастап Жауапты хатшы 5 (бес) жұмыс күні ішінде, Регламенттің 16, 17-баптарын қоспаған жағдайда, оны тіркеуден өткізіп (ол талап-арызды қабылдаған күн болып есептеледі), оның Регламент талаптарына сәйкестігін тексеріп, іс- құжаттарын жинап, төрелік іске қажетті материалдарды дайындайды.
19-бап. Төрелік талқылауды қозғау
Талап-арызды қабылдағаннан кейін Арбитраж орталығының басшысы 5 (бес) жұмыс күнінің аралығында төрелік іс қозғалғандығы туралы ұйғарым шығарып, оның көшірмелері тараптарға осы Регламенттің 20-бабында көрсетілген хабарламамен қоса жіберіледі.
20-бап. Тараптарға хабарлама жіберу
1. Төрелік іс қозғалғандығы туралы ұйғарым негізінде Жауапты хатшы 5 (бес) жұмыс күн ішінде талап-арыздың қабылданғаны туралы талапкерге хабарламаны жолдайды.
2. Талапкерге хабарлама жіберумен қатар Жауапты хатшы жауапкерге Арбитраж орталығына талап арыз түскендігі туралы хабарламаны талап-арыздың және іс материалдарының көшірмелерін қоса, Регламент және арбитрлер тізімі орналасқан сайтқа сілтемені көрсете отырып жібереді және оған талап-арызға пікір жіберуін сұрайды.
21-бап. Талап-арызға пікір
1. Жауапкер төрелік іс қозғалғандығы туралы 20-баптың 2-тармағына сәйкес жіберілген хабарламаны алғаннан кейін Арбитраж орталығына талап-арызға өз пікірін жазбаша беруіне құқылы, соның ішінде онда төмендегі жағдайларды жаза отырып:
1) жауапкер талап арыздың талаптарын толық немесе жартылай мойындайтындығы туралы мәлімдеме;
2) жауапкер өзіне қойылған талаптармен және оны негіздеген жағдайлармен келіспейтіндігін;
3) жауапкер өзінің келіспеушілігін сүйейтін дәлелдерге сәлтемелерді;
4) талап-арыздың негіздері бойынша қандайда болмасын түсініктемелерін және осы Регламентке сәйкес жасауға болатын іс-әрекеттер туралы қалау-тілектерін;
5) арбитрлер санын және таңдаған арбитрдің аты-жөнін немесе арбитр Арбитраж орталығының басшысымен тағайындалуы туралы өтінішін көрсетуі керек.
2. Алып тасталды.
3. Жауапкердің талап-арызға өз пікір-жауабын бермеуі, оның талап-арызды мойындағанын көрсетпейді және ол істе жиналған дәлелдер негізінде істі қарауға кедергі болмайды.
22-бап. Қарсы талап және қарсы талап қоюды қабылдау
1. Жауапкер қарсы талап қоюға құқылы, егер қарсы талаппен талапкердің талаптарының араларында өзара байланыс болса және қарсы талапты қарау арбитраждық келісімге сәйкес төрелікпен қарауға мүмкін болған кезде.
2. Қарсы талап төрелікпен дауды талқылау кезінде, бірақ төрелікпен шешім қабылданғанға дейін беріле алады.
3. Қарсы талап арызды өндіріске қабылдау, қозғалыссыз қалдыру, қайтару туралы мәселені төрелік құрам шешеді. Төрелік талқылау барысында қарсы талап-арызды беру төрелік құрамды өзгертпейді.
4. Қарсы талап-арыз осы Регламенттің 13, 14 баптарының талаптарына сәйкес келуі тиіс.
5. Талапкерге қарсы талап-арыз берілгеннен кейін, ол 20 (жиырма) жұмыс күн ішінде онымен келіспейтіндігі туралы қарсылық білдіруге құқылы.
6. Егер тараптар өзгеше келіспесе, онда жауапкер қарсы талапты есепке алу туралы талап қоюға құқылы.
7. Егер арбитраждық алым төленген болса, онда қарсы талап арыз негізгі талаппен бірге қаралады.
8. Егер, жауапкердің қарсы талап арыз беру немесе оның талабын есепке алу туралы іс-әрекеттерінде негізсіз кідіріс болса және соған байланысты төрелік талқылау созылып кетсе, жауапкерге қосымша шығынды және екінші жақтың шығындарын өтеу міндеті жүктелуі мүмкін.
23-бап. Талап-арызды немесе пікірді өзгерту
1. Төрелік талқылау кезінде шешім қабылданғанға дейін тараптардың қай жағы болсын өздерінің талап-арыздарын және (немесе) талап-арызға пікірлерін өзгертуге және (немесе) толықтыруға құқылы.
2. Егер төрелік құрамы тараптың талап-арызға және оған қарсылықтарына толықтырулар және (немесе) өзгертулер жасауындағы кідірісті негізсіз деп таныса, оған қосымша шығынды және екінші жақтың шығындарын өтеу міндетін жүктеуі мүмкін.
IV. Тарау. Құжаттарды ұсыну және табыстау
24-бап. Құжаттарды ұсыну
1. Тараптар төрелік талқылауға байланысты барлық құжаттардың әрбір тарапта, әрбір арбитрде және Арбитраж орталығында бір данадан болуын қамтамасыз етіп, тапсыруы тиіс.
2. Төрелік талқылаудың тараптарымен құжаттарды Арбитраж орталығына тапсыруы, сонымен қатар олардың әрі қарай арбитрлерге берілуі Жауапты хатшы арқылы іске асырылады. Жауапты хатшы қандай да болмасын құжатты бір тарапқа жібергенде, оның көшірмесін басқа тарапқа жібереді (егер ол тарапта бұндай құжат болмаса).
3. Төрелік талқылау кезінде тараптардың мекен-жайлары ретінде талап-арызда (қарсы пікірде) көрсетілген мәліметтер болады. Тараптар өздерінің мекен-жайларының өзгеруі туралы Жауапты хатшыға дереу хабарлауға міндетті. Тарап өкілінің тағайындау кезінде іс бойынша құжаттар осы өкілге жіберіледі немесе тапсырылады, егер тарап Арбитраж орталығын өзге туралы хабарламаған болса, сол кезде сол тарапқа бағытталған немесе тапсырылған деп есептеледі.
4. Егер құжаттардың және басқа материалдардың тапсырылмауы себепсіз деп танылса, құжаттардың және басқа материалдардың тапсырылмауы төрелік талқылауды жүргізуге және тапсырылған құжаттар мен дәлелдердің негізінде төрелік шешім қабылдауға кедергі болмайды.
25-бап. Құжаттарды жіберу және тапсыру
1. Егер кез келген жазбаша хабарлама адресаттың тұрақты тұрғылықты жерi немесе пошта мекенжайы бойынша оның жеке өзіне жеткiзiлсе, ол алынды деп есептеледi, мұндайларды ақылға қонымды анықтама жүргізу арқылы анықтау мүмкін болмаса, егер ол соңғы белгiлi тұратын жерiне тапсырыс хатпен тапсырылғаны туралы хабарламасы бар тапсырыс хат, телефонограмма немесе жеделхат, ұялы байланыстың абоненттік нөмірі немесе электрондық мекенжайы бойынша, сондай-ақ хабарлауды тiркеудi қамтамасыз ететiн өзге де байланыс құралдарын пайдалану арқылы жiберiлсе, жазбаша хабарлама алынды деп есептеледi Жазбаша хабарлама жеткізілген күннен бастап тапсырылды деп есептеледі, сонымен қатар хат алушы көрсетілген мекен-жайда болмаса да, оған оның мекен-жайы бойынша жеткізілді деп саналады. Арбитраж орталығымен жіберілген корреспонденцияның адресатқа жеткізілуінің дәлелдемелері ретінде мыналар болуы мүмкін:
1) пошталық хабарламалар, телеграммалардың жеткізілгендігі туралы хабарламалар, алушы жағынан кімге берілгеніне байланыссыз алушының адресі бойынша корреспонденцияның жеткізілгендігі туралы курьерлік қызметтің жөнелтпе құжаттары;
2) пошта, телеграммаларды жеткізу немесе курьерлік қызметтің алушының адресі бойынша жеткізілген жөнелтілім, алушы көрсетілген мекенжай бойынша болмауына, тұрмауына, алудан бас тартуына байланысты қайтарылуы туралы белгімен Арбитраж орталығының жөнелтілімдері;
3) корреспонденция жіберілген поштаның «Интернет» желісіндегі сайтындағы пошталық жөнелтілімдерді қадағалау туралы тиісті мәліметтің басып шығарылған данасы;
4) SMS-хабарламаның тараптың ұялы телефон номеріне жеткізілгендігі туралы байланыс операторының есебі.
2. Талап-арыздар, хабарламалар, төрелік шешімдер мен ұйғарымдар (іс-шараның кейінге қалдырылғаны туралы хабарламалар мен ұйғарымдардан басқа) тапсырыс хатпен жіберіледі. Басқа құжаттар және хабарламалар жай хат, телефакс, телеграф, ұялы байланыстың абоненттік нөмірі, элекрондық мекенжайы бойынша немесе хабарлауды тiркеудi қамтамасыз ететiн басқа да әдіспен жолдана алады.
3. Төрелік талқылау барысында тараптардан Арбитраж орталығына келіп түскен құжаттардың және материалдардың көшірмелері басқа тарапқа Жауапты хатшымен 3 (үш) жұмыс күн ішінде пошта немесе электрондық пошта арқылы жіберіледі.
4. Жоғарыда атап өткен құжаттардың бүкілі қолма-қол талапкерге немесе қолхат арқылы талапкердің өкіліне тапсырылуы мүмкін.
V. Тарау. Төрелік құрамы
26-бап. Арбитрлер тізілімі
1. Арбитраж орталығының арбитрлер тізілімі төрешінің тегін, атын, әкесінің атын (егер ол болса), білімін, мамандығын және маманданған саласын, ғылыми дәрежесін және атағын (егер болса), жұмыс орны, лауазымы және жұмыс кезеңі көрсетілген жұмыс тәжірибесін, шет тілдерін білуін, тұрақты мекенжайын (қала, мемлекет), қараған істерінің санын қамтиды.
2. Арбитраж орталығының арбитрлер тізіміне мынадай талаптарға сай келетін жеке тұлғалар кіреді:
1) 30 (отыз) жасқа толған;
2) жоғары білімі бар;
3) мамандығы бойынша кемінде 5 (бес) жыл жұмыс өтілі бар;
4) арбитраж құзыретіне жатқызылған дауларды шешу саласында білімі бар.
3. Басқарушы кеңес төрешілердің тізілімін 3 жыл мерзімге бекітеді, тізілімге өзгерістер мен толықтырулар енгізеді. Егер көрсетілген уақыт өткеннен кейін жаңа төрешілердің тізілімі бекітілмесе, бұрын бекітілген төрешілер тізілімі жаңа төрешілер тізілімі бекітілгенге дейін әрекет етеді.
27-бап. Арбитрлер
1. Арбитр арбитрлер тізілімінен сайланады (тағайындалады), олар тікелей немесе жанама түрде іске мүдделі болмауға, тараптардан тәуелсіз және арбитр міндетін орындауға келісімін беруге тиіс. Тараптардың (тараптың) таңдауы бойынша арбитрлердің функциясын Арбитраж орталығының арбитрлер тізіліміне кірмеген, қолданыстағы заңнаманың және осы Регламенттің талаптарына сай тұлғалар атқара алады.
Дауды жеке-дара шешетін арбитрдің жоғары заңгерлік білімі болуы тиіс.
Дау алқалы түрде шешілетін жағдайда төрелік құрам төрағасының жоғары заңгерлік білімі және төреші ретінде дауларды шешу тәжірибесі болуы тиіс.
Арбитр бола алмайтын тұлға:
1) Қазақстан Республикасының заңында белгiленген тәртiппен сайланған немесе тағайындалған судья;
2) Қазақстан Республикасының заңында белгiленген тәртiппен сот әрекетке қабiлетсiз немесе әрекетке қабiлетi шектеулi деп таныған;
3) соттылығы алынбаған немесе өтелмеген не қылмыстық құқық бұзушылық жасады деп айып тағылған адам;
4) мемлекеттiк қызметшi, Қазақстан Республикасы Парламентiнiң депутаты, өз қызметiн мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен ақысы төленетiн тұрақты немесе жұмыстан босатылған негiзде жүзеге асыратын мәслихат депутаты және әскери қызметшi болып табылатын адам арбитр бола алмайды.
2. Нақты бір істі қарау үшін сайланатын (тағайындалатын) арбитрдің бейтарап және тәуелсіз болатындығына күмән келтірілетін жағдайлар болса, онда ол мұндай жағдайларды толық ашуға міндетті.
3. Арбитр өзінің қызметі барысында осы Регламентті басшылыққа алып, объективті болуға тиіс. Ол бір уақытта арбитр ретінде және тараптың өкілі ретінде бола алмайды.
4. Арбитрлер өздерін сайлағанша (тағайындағанша), не сайланғаннан (тағайындалғаннан) кейін тараптарға істің негізі немесе оның нәтижесі бойынша кеңес беруге тиіс емес.
5. Арбитрлер Регламенттің № 1 қосымшасының нысанына сәйкес өздерінің тәуелсіздігі туралы өтінішті толтырулары керек.
28-бап. Арбитрлер саны
1. Тараптар тақ саннан, бір немесе үш арбитрден құралатын арбитрлер санын өздері анықтауға құқылы.
2. Егер тараптар белгіленген уақытта арбитрлер саны туралы келісімге келе алмаса, онда дауды арбитражда шешу үшін үш арбитр тағайындалады.
3. Осы Регламентпен алқалы төрелік құрамға көзделген қызметтік міндеттер істі жеке- дара қарайтын арбитрге де қолданылады.
29-бап. Арбитрлерді сайлау (тағайындау) тәртібі мен мерзімі
1. Істі қарайтын арбитр немесе арбитрлер, олардың санына қарамастан, істі қарау барысында төрелік құрамы деп аталады.
2. Төрелік құрамын қалыптастыру тараптардың арбитрлерді сайлау (тағайындау) арқылы жүргізіледі, соның ішінде арбитрлер тізілімінен.
3. Егер дау 3 (үш) арбитрмен қаралатын болса, онда тараптардың әрбірі бір арбитрден сайлайды, ал сайланған екі арбитр үшінші арбитрді – төрелік талқылаудың төрағасын сайлайды.
4. Егер осы Регламенттің 20-бабына сәйкес, бір тарап шетелдік жеке тұлға немесе заңды тұлға болса, хабарламаны алған күннен бастап тараптардың бірі 20 (жиырма) күнтізбелік күн ішінде арбитрді (сонымен бірге резервтік арбитрді) сайламаса немесе егер тараптар-Қазақстан Республикасының жеке немесе заңды тұлғалары болса, 10 (он) күнтізбелік күн ішінде, немесе сайланған екі арбитр 5 (бес) күнтізбелік күн ішінде үшінші арбитрді (төрелік талқылаудың төрағасын, сонымен бірге резервтік төрағаны) сайламаса, онда арбитр (арбитрлер, төрелік талқылаудың төрағасы, сонымен бірге резервтік арбитрлер немесе резервтік төраға) Арбитраж орталығының басшысымен 3 (үш) күнтізбелік күн ішінде тағайындалады.
5. Жеке-дара арбитрді сайлау (тағайындау) тәртібі осы Регламенттің 30-бабымен қарастырылған.
6. Тараптардың өтініші бойынша Арбитраждық орталығының басшысы төрелік құрамының мүшелерін тағайындауға құқылы. Жеке-дара арбитрді тағайындау немесе төрелік құрамын қалыптастыру туралы Арбитраж орталығының басшысы ұйғарым шығарады.
7. Егер іс бойынша бірнеше талапкерлер немесе жауапкерлер болса, онда барлық талапкерлер бір жақ, ал жауапкерлер бір жақ болып танылады да, олардың әрбір жағы бір арбитрден сайлайды.
8. Арбитрдің өкілеттіктері тоқтатылған жағдайда, ауыстырылатын арбитр сайланған (тағайындалған) кездегі ережелерге сәйкес басқа арбитр сайланады (тағайындалады). Егер төрелік талқылаудың төрағасы, жеке-дара арбитр немесе арбитрлер Арбитраж орталығының басшысымен тағайындалған болса, онда жаңадан тағайындау онымен жүзеге асырылады. Ауыстыру тәртібімен сайланған (тағайындалған) арбитр іс бойынша қайтадан тыңдау тағайындауға құқылы.
9. Төрелік талқылаудың төрағасы немесе жеке-дара арбитр осы Регламенттің 31- бабына сәйкес ауыстырылған жағдайда, іс қараудың бойынша орын алған барлық тыңдаулар қайта болуы керек. Кез келген басқа арбитрді ауыстыру кезінде мұндай алдыңғы тыңдаулар тараптардың пікірін ескере отырып, төрелік құрамның шешіміне байланысты жаңартылуы мүмкін.
29-1-бап. Резервтік арбитр
1. Тараптар Регламенттің 29 және 30 баптарында көрсетілген арбитрлерді сайлау мерзімдері ішінде резервтік арбитрді (арбитрлерді) де таңдауға міндетті. Кез-келген тараптың резервтік арбитрді (арбитрлерді) немесе арбитрлер төрелік талқылаудың резервтік төрағасын тағайындамауы, 29-баптың 4-тармағында және 30-баптың 2- тармағында көрсетілген салдарға әкеліп соғады.
2. Арбитрдің құзыреті тоқтатылған жағдайда (сонымен бірге өз-өздерінен бас тарту туралы өтініштері негізінде), оның орнына Арбитраж орталығы басшысының ұйғарымы негізінде осы Регламент ережелері бойынша резервтік арбитр тағайындалады.
3. Арбитрлерге қолданылатын ережелер, резервтік арбитрлерге де қолданылады.
30-бап. Жеке-дара арбитрді сайлау немесе тағайындау
1. Егер тараптардың келісімімен іс жеке-дара арбитрмен қарауға жататын болса, онда егер тараптардың біреуі шетелдік жеке немесе заңды тұлға болса 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде немесе егер тараптар Қазақстан Республикасының жеке немесе заңды тұлғалары болса 10 (он) жұмыс күн ішінде, талап-арызды қабылдау туралы хабарлама алған күннен бастап, жеке арбитрді сайлаулары керек.
2. Егер жеке-дара арбитрді тараптар белгіленген мерзімде сайламаса, онда жеке- дара арбитр Арбитраж орталығының басшысымен арбитрлер тізілімінен тағайындалады.
31-бап. Арбитрден бас тарту
1. Арбитрдің бейтараптығы немесе тәуелсіздігіне күмән туғызатын мән-жайлар болса, тарап арбитрдан бас тартуға құқылы.
2. "Төрелік туралы" Заңға сәйкес арбитрден бас тартуға негіз болатын мән-жайларды көрсете отырып, тарап жазбаша дәлелді арбитрден бас тарту туралы өтінішті 5 (бес) жұмыс күн ішінде беріге құқылы.
3. Төрелік құрамы шешім қабылдағанға дейін, арбитрден бас тарту туралы мәлімдеме төрелік істі қараудың кез келген сатысында берілуі мүмкін.
4. Бас тарту туралы мәлімдеме жасалған арбитр, бұл мәлімдемені қанағаттандырудан бас тартса немесе тараптардың бірі бас тартуға қарсы болса, онда бас тарту туралы мәселені төрелік құрамы жазбаша дәлелді өтінішті алған сәттен бастап күнтізбелік он күн ішінде шешеді.
Бас тарту дауды жеке-дара қарайтын арбитрге берілсе, мәселе сол арбитрмен шешіледі.
Егер дауды жеке-дара қарайтын арбитр, бір не екі тараптың да бас тарту туралы өтінішін қанағаттандырмаса немесе тараптардың бірі арбитрден бас тартуға қарсы болса, онда осы төреліктің құрамында төрелік іс қарауды тоқтату туралы тараптар келісімге келеді.
5. Егер екі тарап та арбитрден бас тартса, онда арбитр өкілеттігін доғарады. Өкілеттігін тоқтату туралы ұйғарым шығарылады.
6. Егер тарап осы баптың 3-ші тармағына сай мерзімде төрешіге қарсылық білдірмеген болса немесе арбитраж құрамы шешім шығаруға кеткеннен кейін қарсылық білдірген болса, тарап өз бөлу құқығынан бас тартқан болып саналады немесе егер тарап осы баптың 3-тармағында көрсетілген мерзімге дейін бас тарту туралы өтінішті бермесе, ол өзінің бас тарту құқығынан бас тартты деп саналады.
7. Арбитрден бас тарту туралы өтінішті қанағаттандыру туралы ұйғарым жазбаша нысанда себептері көрсетілмей шығарылады.
32-бап. Арбитр өкілеттілігінің тоқтатылуы
1. Арбитрдің өкілеттілігі осы Регламентпен және “Төрелік туралы” Заңымен қарастырылған негіздерде тоқтатылуы мүмкін, сонымен қатар ол өзінің өкілеттілігін дауды қарау бойынша бекітілген уақыт ішінде немесе өзінің міндетін науқастығыны байланысты орындай алмаса, не өліміне байланысты, әлде дауды қараудан бас тартса арбитрдің өкілеттілігі тоқтатылады.
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген негіздерге сәйкес келіспеушіліктер туындаған жағдайда, кез келген тарап Арбитраж орталығының басшысына арбитрдің өкілеттіктерін тоқтату туралы өтінішпен жүгінуге құқылы, оның шешімі күшін жоюға жатпайды.
3. Арбитрдің өкілеттілігі нақты бір іс бойынша шешім қабылданғаннан кейін немесе тараптар өзара мұндай тоқтату келісіміне келген болса, онда арбитрдің өкілеттілігі тоқтатылады. Егер Регламенттің 53-бабының талабы бойынша қарастырылған жағдайларда, арбитрдің өкілеттілігі жаңғырытылады, содан кейін осы бапта көрсетілген іс- әрекеттерді жасаған соң ол қайтадан тоқтатылады.
4. Егер де арбитр, төрелік талқылаудың төрағасы немесе жеке-дара арбитр, белгілі бір себептермен өздерінің міндеттерін орындай алмаса, онда тараптардың әрқайсысы Арбитраж орталығының басшысына олардың (оның) арбитр ретіндегі өкіліттіліктерін тоқтатуын сұрауына құқылы.
5. Арбитрдің, төрелік талқылаудың төрағасының немесе жеке-дара арбитрдің өкілеттілігі олардың өз-өздерінен бас тарту туралы өтініштері негізінде тоқтатылып, ол жайында Арбитраж орталығы басшысының ұйғарымы шығарылады.
VI. Тарау. Төрелік талқылауды жүргізу
33-бап. Төрелік талқылау ережелері
1. Арбитраж орталығы төрелік талқылауды осы Регламентке және арбитраждық келісімге сәйкес жүзеге асырады.
Төрелік істі жеделдетілген тәртіп бойынша қарау Регламенттің №2 қосымшасында көрсетілген Жеделдетілген тәртіп бойынша қарау ережесі арқылы жүргізіледі.
2. Тараптармен келісілмеген және осы Регламентпен айқындалмаған бөлігінде, төрелік талқылауды жүргізу тәртібі төрелік құрамымен айқындалады.
34-бап. Төрелік талқылау мерзімі
1. Төрелік құрам төрелік талқылау және арбитрлік шешім шығару мерзімі ол құрылған кезден бастап 30 (отыз) күнтізбелік күннен аспауына шаралар қолданады.
2. Даудың күрделілігіне байланысты төрелік талқылау мерзімі төрелік құраммен ұзартылуы мүмкін.
35-бап. Төрелік құзіреттілігін анықтау
1. Төрелік өзіне шешуге берілген дауды қарауға өкiлеттiктepi (юрисдикциясы) бар немесе жоқ екендiгi туралы мәселенi, оның iшiнде тараптардың бiрi төрелiк келiсiм жарамсыз деген себеппен төрелiк талқылауға қарсылық бiлдiрген жағдайда дербес шешедi.
2. Тарап даудың мәнi бойынша алғашқы өтiнiш берiлгенге дейiн төрелiктiң өзiне шешуге берiлген дауды қарауға төрелiктің өкiлеттiктерi жоқ екенi туралы мәлiмдеуге құқылы.
3. Егер төрелiк талқылау барысында қаралуы төрелiк келiсiмде көзделмеген мәселе төрелiк талқылаудың нысанасына айналса, не ол осы iс қарауда қолданылатын құқық нормаларына немесе төрелiк талқылау қағидаларына сәйкес төрелiк талқылаудың нысанасы бола алмаса, тарап төрелiктiң өз өкiлеттiктерiн асыра пайдаланғаны туралы мәлiмдеуге құқылы.
4. Төрелiк құрамы осы баптың 2 және 3-тармақтарына сәйкес жасалған өтiнiштi күнтізбелік он күн ішінде қарауға мiндеттi. Өтiнiштi қарау нәтижелерi бойынша ұйғарым шығарылады.
5. Егер төрелiк өзiнiң құзыретi туралы мәселенi қарау кезiнде төрелiктiң дауды қарауға өкiлеттiктерi жоқтығы туралы ұйғарым шығарса, онда төрелiк дауды мәнi бойынша қарай алмайды.
36-бап. Төрелік құрамының істі талқылауға дайындауы
1. Төрелік құрам өзі құрылғаннан кейін 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзім ішінде тараптарды шақырмай, істі төрелік талқылауында уақытында және дұрыс шешу үшін оны дайындауға кіріседі.
2. Істі төрелік талқылауға дайындаудың негізгі міндеттері:
1) төрелік құрамын іс құжаттарымен таныстыру;
2) істі дұрыс шешу үшін маңызды жағдайларды айқындау;
3) құқықтық қатынастарды және қолдануға жататын заңдарды анықтау;
4) іске қатысатын жақтардың құрамын және төрелік талқылауға қатысатын басқа қатысушылар туралы да сұрақтарды шешіп алу;
5) әр тараптың беретін дәлелдемелерін, жазбаша түсініктемелерін және басқа да құжаттарын айқындап алу;
6) төрелік талқылауды жүргізу нысанын анықтау;
7) төрелік талқылаудың күнін, уақытын, орнын және тілін тағайындау.
3. Төрелік талқылаудың төрағасы Жауапты хатшыға істі төрелік талқылауға дайындау үшін тапсырмалар бере алады.
4. Төрелік құрамы іс құжаттарымен танысқаннан кейін төрелік талқылауды тағайындау күні мен орнын Жауапты хатшымен келісе отырып, белгілеуі керек. Төрелік талқылаудың уақыты мен орны туралы тараптарды (іске қатысушыларды) Жауапты хатшы тиісті түрде хабардар етеді.
37-бап. Төрелік талқылау нысаны
1. Төрелік құраммен істер мынадай нысанда:
1) тараптадың (бір тараптың) қатысуымен ауызша тыңдау;
2) тараптардың істі олардың қатысуынсыз қарауды сұраған өтініштері болса, істі тапсырылған құжаттар негізінде;
3) онлайн-режимде (байланыстың техникалық құрал жабдықтарын қолдану арқылы) қаралады.
2. Ауызша тыңдау төрелік талқылау отырысында жүргізіледі. Істі тыңдау жабық түрде өткізіледі. Төрелік құрам рұқсатымен және тараптардың келісулерімен төрелік талқылауға басқа тұлғалардың да қатысулары мүмкін.
3. Тараптардың келісімімен отырыстардың барлығы немесе бір бөлігі ауызша тыңдаусыз тапсырылған құжаттар негізінде өткізілуі мүмкін. Төрелік құрам тапсырылған құжаттар дауды шешу үшін жеткіліксіз деп тапса, ауызша тыңдау тағайындайды.
4. Төрелік талқылауды өткізу орнында тараптардың болмауына қарамастан, отырыстардың барлығы немесе бір бөлігі онлайн режимде (байланыстың техникалық құрал жабдықтарын қолдану арқылы) өткізіле алады. Отырыстар бейне конференцбайланыс немесе өзге программалар, техникалық құралдар пайдалану арқылы жұргізіледі.
38-бап. Төрелік талқылауды өткізу орны
1. Егер тараптардың төрелік талқылауды өткізу орны туралы алдын-ала келісімдері болмаса, онда істің мән-жайын ескере отырып, оны төрелік құрам айқындайды. Арбитраждық шешім төрелік талқылауды өткізген жерде шығарылды деп есептеледі.
2.Төрелік құрамы:
1) тараптардың келіскен елдің немесе қаланың шегінде талқылауды өткізу орнын айқындауға;
2) куәлердің айтқандарын тыңдау, сонымен қатар іс бойынша дәлелдермен танысу және дау бойынша шешім қабылдау үшін, іс-сапарға шығып отырыстарды өткізуге;
3) отырысты өзінің тұрақты қызмет атқаратын офисінде немесе басқа жерде өткізу туралы шешім қабылдауға құқылы.
3. Отырысты онлайн-режимде өткізу кезінде, төрелік құрамының және тараптардың нақты орналасқан жеріне қарамастан төрелік талқылау орны шешім шығару орны болып табылады
4. Отырыстарды өткізуге байланысты болатын барлық қосымша шығындарды өтеу тараптарға жүктеледі. Төрелік сот мұндай болатын шығындарды өтеуді қамтамасыз етуді тараптардан алдын-ала талап ете алады.
39-бап. Төрелік талқылауды жүргізу тілі
1. Тараптар төрелік талқылау барысында пайданылатын тiл туралы өз қалаулары бойынша уағдаласуы мүмкін. Мұндай уағдаластық болмағанда төрелік талқылау тілі төрелікке талап арыз қай тілде берілуіне байланысты не төрелік келісімінің тілінде төреліктің ұйғарымымен белгіленеді. Егер істі қарауға дайындау барысында төрелікте өкілі талап арыз берген тілді талап қоюшының меңгермегені анықталса, онда талап қоюшының жазбаша өтінішхаты бойынша төрелік құрамы талқылаудың тілін өзгерту туралы ұйғарым шығарады.
2. Егер бір тарап төрелік жүргізетін тілді білмейтін болса, онда іс құжаттарымен танысу, арбитраждық талқылауға қатысу үшін аудармашының көмегіне байланысты шығындарды өзі көтереді.
3. Егер арбитр төрелік талқылау тілін білмейтін болса, онда Арбитраж орталығы аудармашының көмегін қамтамасыз етеді, кейін бұл шығындар Арбитраж орталығының төрелік алымдары және шығыстары туралы ережесіне сай белгіленеді.
4. Тарап құжаттарды және басқа да деректерді төрелік талқылау тіліне сай тапсырмаса, онда сол тарап солардың нотариалды куәландырылған аудармаларын қамтамасыз етуі тиіс.
40-бап. Төрелік талқылаудың басталуы туралы хабарлама
1. Жауапты хатшы тараптарға төрелік талқылаудың өтетін орны мен уақыты туралы хабарлауға міндетті.
2. Жауапшы осы дауды төрелікке беру туралы өтінішті алған күннен бастап төрелік талқылау басталды деп саналады.
3. Істің бірінші тыңдалу уақыты мен орны туралы тараптарға хабарламалар әр тараптың іске дайындалуы үшін күнтізбелік 10 (он) күн уақыттары болып және ауызша тыңдалу отырысына уақытында жету мүмкіндігі ескеріліп жіберілуі тиіс. Тараптар келісімімен бұл мерзім қысқартылуы мүмкін.
4. Келесі ауызша тыңдаулар қажет болған жағдайда, төрелік олардың өткізу датасын нақты жағдайларды ескере отырып тағайындайды.
41-бап. Төрелік талқылауға тараптардың және өзге тұлғалардың қатысуы
1. Тараптар талқылауға өздері тікелей немесе өздерінің тағайындаған өкілдері арқылы қатысуларына болады. Тараптар өкiлдерiнiң өкiлеттiктерi Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген талаптар сақтала отырып ресiмделуге тиiс.
2. Екі тараптың да өкілдерінің келмеуі істің қаралуын басқа күнге ауыстыруға негіз болады, алайда екі жақта істі олардың қатынасуларынсыз қарауды сұраған жағдайды қоспағанда.
3. Тараптардың бірі істің қаралуын оның қатысуынсыз тыңдауын сұрауына болады. Тараптардың қай жағы болмасын істің қаралуын оның қатысуынсыз қарауды немесе істің тыңдалуын басқа күнге ауыстыруды сұрауына болады, алайда ол жайындағы дәлелдерді төрелікке өтінішімен бірге ұсынуға тиіс.
4. Төрелік талқылау отырысының орны мен уақыты туралы тиісті түрде хабардар етілген тараптардың бірі немесе оның өкілінің келмей қалуы, төрелік талқылауға немесе шешім қабылдауға кедергі бола алмайды, егер тараптың отырысқа келмеуі төрелік сотпен себепсіз деп танылса.
5. Тиісті түрде төрелік талқылаудың орны мен уақыты туралы хабарланған сарапшылар, куәлер, аудармашылар отырысқа келмесе, төрелік істің қаралуын басқа күнге ауыстырады, егер тараптар істің қаралуын олардың қатысуынсыз қарау жайында өтініш білдірмесе.
Тиісті түрде төрелік талқылаудың орны мен уақыты туралы хабарланған тараптардың, олардың өкілдерінің, сарапшылардың, куәлердің, аудармашылардың отырысқа қайталап келмеуі, төрелік талқылауға және шешім қабылдауға кедергі бола алмайды.
42-бап. Төрелік талқылаудың тыңдалуын кейінге қалдыру және тоқтата тұру
1. Қажет болған жағдайда тараптардың (бір тараптың) немесе төрелік құрамының бастамасы бойынша істі тыңдау кейінге қалдырылуы немесе оны қарауды тоқтата тұрылуы мүмкін.
2. Кейінге қалдыру туралы немесе тоқтата тұру туралы төрелік құрамы ұйғарым шығарады. Бұл ретте, нақты мән-жайларды есепке алып, төрелік құрам келесі отырыс датасын белгілейді
3. Төрелік талқылауды тоқтата тұру кезінде төрелік iс қарау жалпы мерзімі тоқтата тұру кезеңіне ұзартылады.
43-бап. Талаптың орындалуын қамтамасыз ету шаралары
1. Арбитраж орталығында қаралып жатқан талап қоюды қамтамасыз ету туралы өтiнiштi тарап сотқа төрелiк талқылау жүзеге асырылатын орны немесе оған қатысты қамтамасыз ету шаралары қолданылуы мүмкiн мүлiктiң тұрған жерi бойынша бередi. Төрелiк талқылау тараптары өтінішке қоса төрелікке талап-арыз берілгендігін растайтын құжатты қоса береді.
2. Тараптардың бірі талаптың орындалуын қамтамасыз ету шаралары туралы өтінішпен құзыретті сотқа жүгінгенде, сондай-ақ құзыретті сот осындай шараларды қолдану
туралы ұйғарым шығарғанда, онда жүгінген тарап кідіріссіз жазбаша нысанда ұйғарым көшірмесін қоса беріп, бұл туралы Жауапты хатшыға ескерту керек.
44-бап. Тараптардың құқықтары мен міндеттері
1. Төрелiк талқылауға қатысушы тараптардың:
1) iс материалдарымен танысуға және осы материалдардан көшiрмелер алуға;
2) дәлелдемелердi ұсынуға;
3) өтiнiш бiлдiруге, төрешiлерден бас тартуға;
4) процеске қатысушыларға сұрақтар қоюға, ауызша және жазбаша түсiнiктемелер беруге;
5) процесс барысында туындайтын барлық мәселелер бойынша өз дәлелдерiн ұсынуға;
6) басқа тараптың өтiнiштерiне және дәлелдерiне қарсылық бiлдiруге;
7) төрелік отырыс хаттамасымен танысуға және ол бойынша жазбаша ескертулер беруге;
8) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес сот алдында төреліктiң шешiмiн мәжбүрлеп орындату туралы өтiнiш беруге; 9) «Төрелік туралы» Заңда белгiленген жағдайларда төреліктiң шешiмiн бұзу туралы өтініш беруге;
10) істі бітімгершілік келісімімен немесе дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісіммен аяқтауға құқығы бар.
2. Тараптар, олардың өкілдері, іске қатысушы өзге тұлғалар осы Регламентпен және төрелік құрамымен орнатылған төрелік талқылаудың тәртібін орындап, іс бойынша шығарылғаны ұйғарымдарды уақытылы орындуы тиіс.
3. Тараптың, оның өкілдерінің, іске қатысушы өзге тұлғалардың сөз сөйлеуін басқа тараппен төрелік талқылаудың төрағасының рұқсатынсыз сұрақтармен немесе өзге де әрекеттермен бұзуға болмайды. Тараптар, олардың өкілдері, іске қатысушы өзге тұлғалар төрелік талқылауға бөгет келтірмеуі керек.
45-бап. Дәлелдемелер
1.Тараптар талаптары мен қарсылықтарын негіздейтін мән-жайлардың дәлелдемелерін келтіруге міндетті.
2. Төрелік құрамы тараптардың қайсысынан болмасын олардың тағайындаған уақытында дәлелдерді ұсынуды талап етуге, өз бастауымен сараптама тағайындауға және үшінші жақтың дәлелдемелерін сұрауға, куәлерді шақырып сұрақ қоюға құқылы.
3. Егер дәлелдемеде іс үшін маңызы бар мән-жайлардың бар екендігі туралы түйіндерді растайтын, теріске шығаратын не оларға күмән келтіретін фактілер туралы мәліметтер болса, төрелік құрамы дәлелдемені іске қатысты деп таниды. Төрелік құрамы кез келген тараптан қолданылатын құқықпен көзделген өзге дәлелдемелерді, жазбаша түсіндірмелерді талап етуге құқылы.
4. Жазбаша дәлелдемелердің түпнұсқасы немесе көшірмесі ұсынылуы тиіс. Егер дәлелдеменің көшірмесіне күмән келетін болса, онда төрелік құрамы тараптан дәлелдің түпнұсқасын ұсынуды талап етуге құқылы.
5. Төрелік құрам келісімімен дәлелдемелерді алдыру бойынша өкілетті сотқа дәлелдемелерді алуға жәрдемдесуді сұрай алады. Өкілетті сот дәлелдемелерді алдыруға жәрдемдесуді сұраған елдің заңына сәйкес қарап шешеді.
6. Арбитрлер дәлелдемелерді өздерінің ішкі сенімі бойынша бағалайды, олар бейтараптық танытып, жан-жақты және толық тексерілген дәлелдемелер жиынтығы негізінде, қолданылатан құқық және іскерлік айналым ғұрпын басшылыққа ала отырып шешеді.
7. Төрелік құрам дәлелдемелердің әрқайсысының қатыстылығын, оған жол берілуін, растығын, дәлелдемелердің маңыздылығы мен негізділігін өз алдына бөлек айқындап, дәлелдемелердің жеткіліктілігін және өзара байланыстығын олардың жиынтығын ескеріп анықтайды. Төрелік құрам үшін ешқандай дәлелдеменің күні бұрын белгіленген күші болмайды.
8.Тараптардың тиісті дәлелдемелерді тапсырмауы төрелік талқылауын жалғастыруға және істегі дәлелдемелер негізінде шешім қабылдауға кедергі болмайды.
46-бап. Куәлер
Тараптардың өтінішхаттары бойынша төрелік талқылауға куәлер шақырылуы мүмкін. Куәні шақыру жайлы өтінішхат білдірген тарап, ол куәгердің аты-жөнін, қандай тілде жауап беретіндігін, ол іске қандай маңызы бар жағдайларды айтатындығын көрсетуі керек, және ол куәден жауап алудың қажеттілігін негіздеп, ол куәнің төрелік талқылауға келуін қамтамасыз етуі тиіс.
47-бап. Сарапшылар
1. Істі қарау кезінде пайда болған сұрақтар бойынша арнайы ғылыми зерттеу қажет болған жағдайда, төрелік құрам өз бастамасымен немесе қай жақтың болмасын өтінішхатына байланысты құжаттарды, заттарды және таға басқа материалдарды тексеру үшін сараптама тағайындай алады. Егер төрелік талқылауға қатысушы тараптар басқаша келісімге келмесе, нақты сұрақтар бойынша өздерінің қорытындыларын тапсыру үшін төрелік құрам бір немесе бірнеше сарапшыларды тағайындауы мүмкін.
2.Төрелік құрам сараптама тағайындау жайында ұйғарым шығаруға тиіс.
3. Сараптама қорытындысы жазбаша түрде және сарапшы алдында төрелік құраммен және тараптармен қойылған сұрақтарға жауап ретінде заттарды арнайы ғылыми зерттеу сараптама негіздері бойынша беріледі.
4.Тараптар сарапшыға қандай болмасын іске қатысты мәліметтерді немесе құжаттарды, тауарларды немесе басқа да заттарды зерттеуге тапсыруға міндетті.
5. Жауапты хатшы сарапшының қорытындысын алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде оның көшірмесін тараптарға жолдауға тиіс. Тараптар қорытынды бойынша өз ой-пікірлерін айтуға құқылы.
6. Егер тараптар немесе төрелік құрам сарапшы өзінің жазбаша қорытындысын бергеннен кейін отырысқа қатысуы қажет деп тапса, онда ол арбитраждық талқылауға қатысады және тараптарға сұрақтар қоюға мүмкіншілік жасалады және мамандарды келтіріп даулы сұрақтар бойынша жауап береді. Сарапшының келуін сараптаманы тағайындауды сұраған бастамашы тарапқа жүктеледі, егер сараптаманы жүргізу төрелік құрам бастуымен тағайындалса, онда сарапшының келуі Арбитраж орталығына жүктеледі, ал оған жұмсалған шығын Арбитраж орталығының төрелік алымдары және шығыстары туралы ережесімен сәйкес шешіледі.
7. Сарапшы төрелік құрамға өзінің біліктілігі туралы мәліметтерді, өзінің бейтараптығы және тәуелсіздігі туралы мәлімдемені береді. Кез келген тарап төрелік құраммен белгіленген сарапшының біліктілігіне, бейтараптығына және тәуелсіздігіне күмән келтірсе, одан бас тарта алады. Сарапшыдан бас тарту осы Регламенттің 31-бабында көрсетілген негіздер бойынша жүргізіледі. Сарапшыдан бас тарту туралы шешімді төрелік құрам қабылдайды және ол туралы дәлелді ұйғарым шығарылады.
48-бап. Отырыс хаттамасы
1. Хаттаманы жүргізу қажеттілігі туралы төрелік құрам тараптардан сұрайды. Тараптардың келісімі бойынша төрелік талқылаудың отырыс хаттамасы жүргізілмейді. Егер тараптар өзгеше келіспесе, төрелік отырыста хаттама жүргізіледі.
2. Төрелік отырысының хатшысы хаттама жасайды, ол Жауапты хатшы немесе Хатшылықтың маманы болып табылады. Отырыстың хаттамасындда «Төрелік туралы» Заңда көзделген барлық маңызды мән-жайлар көрсетіледі. Отырыстың хатшысы бейне- немесе аудиожазба жүргізуге құқылы.
3. Хаттама төрелік отырысы аяқталғаннан кейiн күнтізбелік 3 (үш) күннен кешiктiрiлмей төрағалық етуші және хатшы қол қояды.
4. Тараптар (олардың өкілдері) төрелік талқылаудың хаттамасымен, оған қол қойылғаннан кейін күнтізбелік 3 (үш) күн ішінде танысуға және онымен танысқаннан кейін күнтізбелік 3 (үш) күн ішінде оған жазбаша түрде хаттамада жасалған қателіктерді көрсете
отырып ескертпе бере алады. Хаттамаға ескертпелер «Төрелік туралы» Заңда көрсетілген тәртіпте қарастырылады.
VII. Тарау. Төрелік шешімді шығару және төрелік талқылауды тоқтату
49-бап. Төрелік шешімді қабылдау
1. Төрелік талқылау төрелік шешімді шығарумен аяқталады.
2. Шешім төрелік құрамның көпшілік даусымен тараптар немесе басқа өзге тұлгалар жоқ кезінде қабылданады.
3. Қабылданған шешіммен келіспеген арбитр, ерекше пікірін жазбаша түрде баяндай алады және ол шешімге қоса тігіледі.
4. Төрелік құрамның шешімі төреліктің отырысында жарияланады. Төрелік құрам шешімнің тек қарарлық бөлігін жариялауға құқылы. Бұл жағдайда дәлелді шешім тараптарға шешімнің қарар бөлігі жарияланған күннен бастап 10 (он) жұмыс күн ішінде қол қойғызып тапсырылуға немесе жіберілуі тиіс.
5. Шешім қабылданған күн болып жарияланған күн саналады. Күшіне ену күні болып төрелік құрам дәлелді шешімге қол қойған күн болып саналады.
Арбитраж төрелігі, төрелік шешімге қол қойғанға дейін және шешімді жариялағаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні аралығында, оның жобасын Арбитраж орталығының Хатшылығына ұсынады. Арбитраж орталығының Хатшылығы төрелік шешімнің нысаны бойынша, өзгерістер еңгізуді ұсына алады, сонымен қоса, арбитраж төрелігінің еркін шешім қабылдауына кедергі келтірмей, істің мән-жайына байланысты сұрақтарға арбитраж төрелігінің назарын аударады.
6. Төрелік құрамның шешімі түпкілікті болып табылады. Тараптар тек «Төрелік туралы» Заңда белгіленген негіздерде және мерзімде оның күшін жою туралы құзыретті сотқа жүгіне алады.
50-бап. Төрелік шешімнің нысаны мен мазмұны
1. Төрелiк шешiм жазбаша нысанда жазылады және оған арбитрлем (жеке-дара арбитр) қол қояды. Егер төрелiк талқылау алқалы түрде жүзеге асырылса, онда қандай да бір төрешінің қойылған қолы жоқ болған жағдайда, оның болмау себептері көрсетіледі. Төрелік шешiмге ерекше пiкiрi бар төрешi қол қоймауы мүмкін, оның пікірі жазбаша нысанда төрелік шешімге қоса берілуге тиіс.
2. Төрелік шешімде:
1) шешімнің қабылданған күні;
2) төрелік талқылаудың орны;
3) төрелік талқылаудың тілі және нысаны;
4) төрелік құрамы және оның құрылу тәртібі;
5) төрелік талқылау отырысының хатшысы;
6) төрелік құзыретінің негіздемесі;
7) дау тараптарының атауы, олардың өкілдерінің өкілеттіктері көрсетілгген құжаттарға сілтеме жасай отырып, тектері, аты-жөндері, лауазымдары;
8) талап қоюшының талаптары және жауапкердің қарсылықтары;
9) даудың мәні;
10) төрелік анықтаған істің мән-жайлары, осы мән-жайлар туралы төреліктің тұжырымдары негiзделген дәлелдемелер, төрелік шешiм қабылдау кезiнде басшылыққа алған нормативтiк құқықтық актiлер;
11) әрбiр мәлiмделген талап арыз талабын қанағаттандыру немесе қанағаттандырудан бас тарту туралы төреліктің тұжырымдары;
12) төрелікте дауды шешуге байланысты шығыстардың сомасы, көрсетілген шығыстардың тараптар арасында бөлiнуi;
13) қабылданған шешімді ерікті түрде орындау мерзімі.
14) Қажет болса қабылданған шешімді орындау тәртібі.
3. Шешімнің қорытынды бөлігінде төрелік құрамның талап-арыздың қанағаттандырылуы немесе әрбір талапты қанағаттандырусыз қалдыру жайында, дауды
шешуге байланысты шыққан шығындар туралы, оларды тараптар арасында бөлу жайында және қажет болған жағдайда қабылданған шешімнің орындалу уақыты мен тәртібі жайында қорытындысы көрсетіледі.
51-бап. Бітімгершілік келісім
1. Егер тараптар төрелік талқылау кезінде дауды бітімгершілік келісіммен аяқтайтын болса, онда төрелік құрамы талқылауды қысқартады және тараптардың сұраулары бойынша олардың келісілген шарттарын арбитраждық шешім бойынша бекітеді. Төрелік құрамы мұндай шешімнің негіздемесін көрсетуге міндетті емес.
2. Келiсiлген шарттардағы төрелiк шешім осы Регламенттің 45-бабының ережелерiне сәйкес шығарылуға тиiс. Мұндай шешім даудың мәнi бойынша шығарылған төрелiк шешiм сияқты да орындалуға тиiс.
52-бап. Төрелік талқылауының тоқтатылуы
Төрелік құрам, егер:
1) жауапкер даудың мәнi бойынша шешiлуiне өзiнiң заңды мүддесiнiң болуына байланысты төрелiк талқылауды тоқтатуға қарсылығын мәлiмдемесе ғана, талап қоюшы өзiнiң талабынан бас тартқан және төрелiк бас тартуды қабылдаған;
2) Арбитраж орталығының қарауына берiлген дау оның құзыретiне жатпаған;;
3) сол тараптар арасындағы дау бойынша, сол нысанасы туралы және сол негiздер бойынша қабылданған заңды күшiне енген соттың шешімі немесе төрелiк шешiм болған;
4) тараптар төрелiк талқылауды тоқтату туралы келiсiмге келген;
5) төрелiк талқылау тарапы болып табылатын заңды тұлға таратылған;
6) төрелiк талқылаудың тарапы болып табылатын жеке тұлға қаза тапқан не ол қайтыс болды деп жарияланған не хабарсыз кеткен деп танылған жағдайларда, төрелiк талқылауды тоқтату туралы ұйғарым шығарады.
53-бап. Шешімді түсіндіру және түзету. Қосымша шешім
1. Егер тараптар келісімімен немесе регламентте өзге мерзiм белгіленбесе, төрелiк шешiмдi алғаннан кейiн күнтiзбелiк 60 (алпыс) күн iшiнде:
1) тараптардың кез келгенi бұл туралы екiншi тарапты хабардар ете отырып, төрелiк құрамнан шешiмдегi есептеулерде жол берiлген кез келген қателердi, жаңылыс жазуларды немесе жаңсақ жазылымдарды не осындай сипаттағы өзге де қателердi түзетудi өтiнуi мүмкiн;
2) тараптардың кез келгенi бұл туралы екiншi тарапты хабардар ете отырып, төрелiк құрамнан қабылданған шешiмнiң қандай да бiр нақты тармағына немесе бөлiгiне түсiнiктеме берудi өтiнуi мүмкiн. Егер, төрелiк құрамы өтiнiштi негiздi деп санаса, оны алғаннан кейiн, егер регламентте немесе тараптар келісімінде өзгеше мерзім белгіленбесе, күнтiзбелiк 30 (отыз) күн iшiнде тиiстi түзетулер енгiзуге немесе түсiнiктеме беруге тиiс. Төрелiк шешiмге шығарылған түсiнiктеме төрелiк шешiмнiң ажырамас бөлiгі болып табылады.
2. Егер регламентте немесе тараптар келісімінде өзгеше мерзім белгіленбесе, төрелiк шешiм шығарылған күннен бастап есептегенде күнтiзбелiк 60 (алпыс) күн iшiнде төрелiк өз бастамасы бойынша, тараптарға тиісінше хабарлағаннан кейін осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген кез келген қатенi түзете алады.
3. Егер, тараптар өзге жөнiнде уағдаласпаса, онда тараптардың кез келгенi бұл туралы екiншi тарапты хабардар ете отырып, төрелiктiң шешiмiн алғаннан кейiн төрелiк талқылау барысында мәлiмделген, алайда шешiмде көрiнiс таппаған талаптарға қатысты қосымша шешiм шығаруды күнтiзбелiк 60 (алпыс) күн iшiнде төрелiк құрамнан өтiнуi мүмкiн. Егер төрелiк құрам өтiнiштi негiздi деп санаса, оны алғаннан кейiн күнтiзбелiк 60 (алпыс) күн iшiнде қосымша төрелiк шешiм шығаруы тиiс.
4. Төрелiк құрамы қажет болған жағдайда мерзiмдi ұзарта алады, бiрақ бұл мерзiм күнтiзбелiк 60 (алпыс) күннен аспауға тиiс, осы мерзiм iшiнде осы баптың 1 немесе 3-
тармақтарына сәйкес қателердiң түзетiлуi, түсiнiктеме берiлуi немесе қосымша төрелiк шешiм шығарылуы қажет.
54-бап. Істі қайта қарау
1. Арбитраж орталығында істі қайта қарау кезінде, бұрын шығарылған шешімнің күшін (оның бір бөлігін) құзыретті сот жойса, соның ішінде шешімді қайта қарау жаңадан ашылған мән-жайларға байланысты болса төрелік алым төлеуге жатпайды. 22 Жаңа құраммен жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша төрелік шешiмдi қайта қарауға байланысты арбитрлерге гонорар тараптар есебінен төленеді.
2. Істі қайта қарау және жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша төрелік шешiмдi қайта қарау сол арбитрлер құрамымен жүзеге асырылады. Сол арбитрлер құрамымен істі қарау мүмкін болмаған кезде, осы Регламентке белгіленген тәртіппен құралған төреліктің жаңа құрамымен жүзеге асырылады
3. Жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша істі қайта қарауға "Төрелік Туралы" Заңда көзделген негіздермен жол беріледі. Жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша істі қайта қарау туралы өтініш ол туралы білгеннен кейін 1 (бір) айдың ішінде беріледі, және ол 10 (он) жұмыс күні ішінде қарастырылады.
4. Істі жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қарау және шешу төрелік құраммен бір айға дейінгі мерзімде жүзеге асырылады.
55-бап. Төрелік шешімді орындау
1. Төрелік құрамның шешімі сонда көрсетілген уақытта және тәртіпте міндетті түрде орындалуға жатады.
2. Егер төрелік шешімде мерзім көрсетілмесе, онда ол дереу орындалуға жатады.
3. Төрелік құрамның шешімінде көрсетілген мерзім ішінде шешім орындалмаса, онда төрелік шешім кімнің пайдасына шешілсе (өндіруші), сол өкілетті сотқа өтініш жасап, шешімді танып және оны орындауды сұрауға құқылы.
4. Қазақстан Республикасында төрелік шешімдер көрсетілген мерзімде тараптың өз еркімен орындалмаса, онда олар «Төрелік туралы» Заңға және Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінде көрсетілген тиісті ережелермен орындалады.
5. Төрелік шешімді мәжбүрлеп орындату төрелік шешімді мәжбүрлеп орындатуға сот берген атқару парағы негізінде төрелік шешімді орындау кезінде қолданылатын атқарушылық іс жүргізу қағидалары бойынша жүзеге асырылады.
56-бап. Арбитраж орталығының және төрелік құрамының іс жүргізу және өзге
сұрақтар бойынша актілері
Барлық іс жүргізу сұрақтарына байланысты Арбитраж орталығының басшысы, төрелік құрамы (құрылғаннан кейін) өздерінің өкілеттіліктеріне сәйкес, осы Регламентпен бекітілген тиісті актілерді қабылдайды. Дауды негізі бойынша шешкен кезде төрелік акт шешім түрінде, ал басқа жағдайларда – ұйғарым түрінде қабылданады.
57-бап. Өтпелі ережелер
Арбитраж орталығының Басқарушы кеңесі бекіткен кезден бастап осы Регламент өзінің күшіне енеді.
«Атамекен» арбитраж Орталығының
Регламентіне
№ 1 Қосымша
Арбитрдің тәуелсіздігі туралы мәлімдемесі
(Жариялауға жататын жағдайлар болмаған кезде)
Мен бейтараппын және тараптардың біріне де тәуелді емеспін және сол күйімде қаламын. Бұрынғы және қазіргі уақытта менің бейтараптығым мен тәуелсіздігіме күмән келтіретін жағдайлар жоқ деп білемін. Егер ондай жағдайлар төрелік талқылау кезінде талап-арыз бойынша (тараптардың аты-жөндері, атаулары, талап-арыздың негіздерін көрсету қажет) маған белгілі болса, онда мен ол жайында сол кезде тараптарға (атауы, аты жөні), төрелік құрамға, Арбитраж орталығының басшысына хабарлауға міндеттенемін. Қазіргі уақытта мендегі мәліметтер бойынша, мен осы төрелік талқылауды «Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Арбитраж орталығының Регламентінің талаптарына сәйкес уақытында және дауды дұрыс шешу үшін жан-жақты тексеруге барлық жағдайларым бар екендігіін растаймын.
(Жариялауға жататын жағдайлар болған кезде)
Мен бейтараппын және тараптардың біріне де тәуелді емеспін және сол күйімде қаламын. Осыған «Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Арбитраж орталығының Регламентінің 27-бабына сәйкес өтінішке қоса беріледі (өтініш қоса берілу керек):
1) бұрынғы және қазіргі уақыттағы менің мамандығым, коммерциялық және басқа жағдайлармен қатынасым ------------- (тараптың атауын көрсету қажет);
2) осындай және басқада жағдайлар туралы.
Бұл жағдайлар менің бейтараптығыма және тәуелсіздігіме әсер етпейтінін растаймын. Егер маған төрелік талқылау кезінде талап-арыз бойынша (тараптардың аты-жөні) белгілі болса, онда мен ол жайында сол кезде тараптарға (атауы, аты жөні), төрелік құрамына, Арбитраж орталығының басшысына хабарлауға міндеттенемін. Қазіргі уақытта мендегі мәліметтер бойынша, мен осы төрелік талқылауды «Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Арбитраж орталығы Регламентінің талаптарына сәйкес уақытында және дауды дұрыс шешу үшін жан-жақты тексеруге барлық жағдайларым бар екендігіін растаймын.
«Атамекен» арбитраж Орталығының
Регламентіне
№ 2 Қосымша
Жеделдетілген тәртіп бойынша қарау ережесі
1-бап. Жалпы ережелер
1. Жеделдетілген тәртіп бойынша төрелік істі қарау ережесі Қазақстан Республикасы
резиденттері арасындағы 5 (бес) миллион теңгеден аспайтын талап арыздар
берілген кезде қолданылады.
2. Жеделдетілген тәртіп бойынша қарау, негізінен, жазбаша құжаттар бойынша,
қысқартылған мерзімде жүргізіледі.
3. Регламент ережелері жеделдетілген тәртіп бойынша төрелік істі қарау кезінде осы
ережелердің ерекшеліктерін ескере отырып қолданылады.
4. Егер талап-арыздың бағасы артылып, осы баптың 1-тармағында көрсетілген
сомадан асып кетсе, дау Регламентте көрсетілген жалпы тәртіппен қаралады.
2-бап. Жеделдетілген тәртіп бойынша төрелік істі қараудың басталуы
1. Жеделдетілген тәртіп бойынша, талапкер талап арызды Регламенттің 13-бабында
қойылатын талаптарға сай береді.
2. Жеделдетілген тәртіп бойынша берілген талап арызға Регламенттің 16-бабының
талап арызды қозғалыссыз қалдыру ережелері қолданылады, бірақ сол бапта
көрсетілген кемшіліктерді белгіленген уақыт ішінде жою мерзімі 3 (үш) жұмыс күнінен
аспауы тиіс (хабарламаны алған сәттен бастап).
3. Жеделдетілген тәртіп ережесімен қаралатын істер бойынша тіркеу жинағы
төленбейді, ал төрелік жинақ мөлшері талап арыздың 2% құрайды. Бұл жағдайда,
төрелік жинақ мөлшері 20 000 теңгеден кем болмауы тиіс.
4. Төрелік алымдар мен шығыстар туралы ереженің 4-бабының 1 және 4
тармақтарында көрсетілген төрелік жинақ көлемінің азайтылуы жағдайлары істі
жеделдетілген тәртіп бойынша қарау кезінде қолданылмайды.
5. Жеделдетілген тәртіп бойынша дауды шешу мерзімі талап арызды Арбитраж
орталығы қабылдаған уақыттан бастап 1 (бір) айдан аспауы тиіс.
6. Талап арыз түскен күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде, Регламенттің 16, 17-
баптарында көрсетілген талап-арызды қозғалыссыз қалдыру және талап арызды
қайтару жағдайларын қоспағанда, талап арыз Регламентің 18-бабының тәртібімен
Регламент талаптарына сәйкестігі тексеріліп, тіркеуден өткізіледі.
7. Талап арызды қабылдағаннан кейін Регламенттің 19-бабына сәйкес төрелік іс
қозғалғандығы туралы ұйғарым шығарылып, оның көшірмелері тараптарға осы
Регламенттің 20-бабында көрсетілген хабарламамен қоса жіберіледі.
8. Жауапкер төрелік іс қозғалғандығы туралы хабарламаны алғаннан кейін Арбитраж
орталығына талап арызға өз пікірін беруіне құқылы.
3-бап. Төрелік құрамды қалыптастыру
1. Егер тараптардың келісімімен іс жеке-дара арбитрмен қарауға жататын болса, онда
тараптар хабарлама алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күн ішінде, жеке арбитрді
сайлаулары керек. Тараптар арбитрді Арбитраж орталығының жеделдетілген тәртіп
бойынша істі қарайтын Жеке арбитрлер тізілімінен таңдайды.
2. Егер тараптар жеке-дара арбитрді 1-тармақта белгіленген мерзімде сайламаса,
онда жеке-дара арбитр дереу Арбитраж орталығының басшысымен тағайындалады.
3. Төреліктің алақалы құрымын сайлау Регламенттің 29-бабында көрсетілген тәртіппен
жүзеге асырылады. Тараптардың әрбірі хабарлама алған күннен бастап 2 (екі)
жұмыс күн ішінде жеделдетілген тәртіп бойынша істі қарайтын Жеке арбитрлер
тізілімінен бір арбитрден сайлайды. Сондай тәртіппен сайланған екі арбитр үшінші
арбитрді – төрелік талқылаудың төрағасын 1 (бір) жұмыс күн ішінде жеделдетілген
тәртіп бойынша істі қарайтын Жеке арбитрлер тізілімінен сайлайды. Егер
белгіленген мерзім ішінде арбитрлер немесе төрелік талқылаудың төрағасы
сайланбаған болса, олар дереу Арбитраж орталығының басшысымен
тағайындалады.
4. Арбитрден бас тарту мәселесі Арбитраж орталығы Регламентінің 31-бабында
көрсетілген тәртіппен тараптың дәлелді өтінішін алғаннан кейін 2 (екі) жұмыс күні
ішінде шешіледі. Тарап сондай дәлелді өтінішті арбитрдің бас тартуына негіз
болатын мән-жайларды білгеннен бастап 2 (екі) жұмыс күн ішінде беріге құқылы.
5. Арбитр өкілеттілігі тоқтатылған жағдайда, соның ішінде тараптың арбитрден бас
тартуы немесе арбитрдің дауды қараудан бас тартуы себептерімен, ауыстырылатын
арбитр сайланған (тағайындалған) кездегі ережелерге сәйкес басқа арбитр
сайланады (тағайындалады).
4-бап. Төрелік талқылауды жүргізу
1. Жеделдетілген тәртіп бойынша төрелік талқылау Регламентте көрсетілген
ережелер бойынша, тек Регламентте белгіленген мерзімдерді қоспай жүргізіледі.
2. Төрелік құрам өзі құрылғаннан кейін 2 (екі) жұмыс күнінен аспайтын мерзім ішінде
тараптарды шақырмай, істі төрелік талқылауыға дайындауға кіріседі.
3. Төрелік талқылауды өткізудің нысанына қарамастан, тараптар алдына ала, кем
дегенде 5 (бес) күнтізбелік күн бұрын, егер өзге мерзім өзара келісілмеген болса, істі
қарау орны мен уақыты туралы хабардар болуы тиіс.
4. Кез келген тараптарға деген жазбаша хабарлама, соның ішінде істі қарау уақыты
мен орны туралы хабарлама телефонограмма немесе жеделхат, ұялы байланыстың
абоненттік нөмірі немесе электрондық мекенжайы бойынша, сондай-ақ хабарлауды
тiркеудi қамтамасыз ететiн өзге де байланыс құралдарын пайдалану арқылы
жiберiлуі мүмкін. Жазбаша хабарлама жеткізілген күннен бастап тапсырылды деп
есептеледі.
5-бап. Төрелік шешімді қабылдау 1. Жеделдетілген тәртіп бойынша қабылданған төрелік шешім өзінің нысаны мен
мазмұны бойынша Регламенттің 50-бабында көрсетілген талаптарға сай болуы тиіс.
2. Төрелік шешім немесе оның қарарлық бөлігі төрелік құрамның отырысында
жарияланады. Бұл жағдайда дәлелді шешім тараптарға шешімнің қарар бөлігі
жарияланған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күн ішінде жіберілуі тиіс.
