Лилия

Біздің компания (РФ резиденті) Арбитраж орталығына жеткізу келісім-шарты бойынша Қазақстандық компаниядан қарызды қайтару туралы талап-арызды тапсырдық. Барлық ұйымдастыру процесі жедел және жылдам түрде өтті.

Төрешілердің істі қарау кезіндегі біліктіліктері мен кәсібиліктері көрініп тұрды. Істі қарау онлайн режимдеSkype бағдарламасын қолдану арқылы өтті. Ол біздің транспорт және тұру шығындарын үнемдеуге көмектесті. Төрешілер отырысты жақсы ұйымдастырды, барлық процеске қатысушы тараптар бір-бірлерін жақсы естіді. Төрешілер нақты және астарсыз сұрақтар қойды. Төрелік құрамның отырыстары дәл белгіленген уақытта, ешқандай кешігусіз өтіп отырды. Ол мемлекеттік соттармен салыстырғанда өте тиімді. Сонымен қатар, төрешілердің біліктіліктерін және сауаттылығын ерекше айта кету керек. 

Наша страница на Facebook