«Абай жолы», М. Ауэзов

1 часть обзора

Хочу начать серию коротких отрывков на казахском языке из романа М. Ауэзова «Абай жолы». Это те отрывки из книги, которые мне понравились. Может и вам будет интересно, особенно если изучаете казахский язык.

Встреча Абая с отцом после возвращения с учебы.

«Осы жиынға қараған бетiмен, екi жолдасынан озып кеп бұрын түскен Абайдың атын бiреу алып кете бердi. Бала көп iшiнен, ең алдымен өзiнiң шешесiн көрiп, соған қарай жүре берiп едi, шешесi анадай жерде тұрып:
– Әй, шырағым балам, әуелi аржағыңда әкең тұр. Сәлем бер! – дедi.
Абай жалт қарап барып жаңа көрдi. Анадай жерде, қонақ үйдiң сыртында, қасында екi-үш үлкен кiсi бар – әкесi Құнанбай тұр екен. Ыңғайсыздықпен қысылып қалған бала, шешесiнiң сондайлық салқын сабырының мәнiн ұқты да, әкесiне қарай тез бұрылды…

– Балам, бойың өсiп ер жетiп қалыпсың-ау! Молда болдың ба? Бойыңдай боп бiлiмiң де өстi ме?– дедi. Кекету ме, жоқ күдiк пе? Немесе шынымен жай бiлгiсi келгенi ме?
Бала ес бiлгеннен берi қарай әкесiнiң қабағын жұтаң қыста күн райын баққан кәрi бақташыдай бағып, танып өскен. Әкесi де бұл баласының сондай сезгiштiгiн өзге балаларынан артық санаушы едi. Ұялғанды, жауап айтпағанды кешiрмейтiн әке мiнезi Абайға мәлiм. Ол сабырлы, момын пiшiнмен:
– Шүкiрлiк, әке, – деп бiраз тұрды да – ат барған соң, дәрiс тамам болмаса да, хазiреттiң рұқсатын, фатиқасын алып қайттым, – дедi.
Тiптi ересек адамша сөйлеп қапты. Баланың бұл ерте әзiрлеген жауабы едi».


2 часть обзора

Продолжаю серию интересных отрывков на казахском языке из романа М. Ауэзова «Абай жолы».

«Үндемей түйiлiп, сұп-сұр боп отырған Құнанбай ол сөздерге көп шiмiркенген жоқ. Қайта, терiс көргендей мойын бұрып, Абайға қарап:
– Одан да, не күтсеңдер де осы жаман қарадан күтсеңдершi!– дедi.
Құнанбайдың мына баласын осында шақыртып алып отырған және жаңағыдай етiп бұларға танытқалы отырғанын өзгеден Қаратай бұрын аңғарған... Ол, дағдылы, майысқақ ептiлiкке салып, ендi Құнанбайдың жаңағы бетiмен Абайды сөз қыла бастады. Бөжей мен Байсалға қарап:
– Сендер мұның сүндетке отыртқанда не дегенiн естiп пе едiңдер?– деп, аз күлiп алды…
– Сүндетке отырғызғанда, ауырсынып жылап жатып:" құдай-ай, бұл қорлықты көргенше, қыз қып неге жаратпадың!" дептi. Сонда шешесi: "ақылсыз-ау, қыз болсаң бала таппас па едiң, содан қиын боп па?" десе, мынау:"Ойбай, онысы тағы бар ма едi?", деп жылауын тыя қойып, шыдай берiптi, – дедi. Үлкендер ақырын мырс-мырс күлiп қойды».


3 часть обзора

Продолжаю публикацию интересных отрывков на казахском языке из романа М. Ауэзова «Абай жолы».

Реакция Оспана на наказание от отца.

«Құнанбай өз алдындағы мына бейбастыққа қатты ашуланып, Оспанды сол қолымен өзiне қарай жұлқып сүйреп алды да, жақтан тартып-тартып қалды. Оспан екi бетi нарттай жанып, үлкен көздерiмен әкесiне шоқтай қадалып, сазарып тұрып алды. Ұрғанына титтей мiз баққан да, қалт еткен де жоқ. Бұның бәрiн көрiп отырған Сүйiндiк Байсалға күбiр етiп:
– Жаным-ау, қасқыр бала мынау ғой!– дедi.
– Құж, десеңшi. Мынадан ба, мынадан шығар-ау!– деп Байсал да күңк еттi.
Құнанбай атшабарға қатты әмiр етiп:
– Бар, алып кет қарғыс тигендi!–деп Оспанның бетiн бұрды да, итерiп қалды. Бала сүрiнiп құлай бергенде, атшабар да қармап көтере бердi. Оспан дәл сол әкеден құтыла берудi күткендей атшабар ендi көтерiп алғанда, үйдегiнiң бәрiне естiрте, арт жағынан жел шығарып, "тырқ" еткiздi де кете барды. Майбасар Қаратайға көз тастап, бiр езуiн тартып, басын шайқады.
– Қап, мына абыройсыз, бар абыройдан бiр-ақ айрылды-ау!– дедi. Қонақтардың кейбiрi ақырын күлiп қалды.
Қаратай, Байсалдар Оспанның кетiсiн өз iштерiнде:" қорқып кеткен жоқ, егесiп кеттi"– деп бағалаған».


4 часть обзора

Публикую следующий интересный отрывок на казахском языке из романа М. Ауэзова «Абай жолы».

Замысел Кунанбая при убийстве Кодара.

«Қодар аз үндемей тұрып, аналар басыла бергенде:
– Ел-жұртқа масқара етiп, қор етiп, анау соқыр көзiңнiң құнын менен алайын деп пе едiң!- дегенде Құнанбай:
– Шығартпа үнiн! Жоғалт көзiн!– дедi.
Майбасар да iлесе:
– Өй, қуарған көк төбет!- деп, қамшы үйiрiп кеп қап едi.
Қодар саспастан тұрып, қарсы ақырды.
– Иә, мен көк ит болсам, сендер көп итсiң! Жабыларсың, таларсың да жерсiң!– дегенде, Қамысбай мен бағанағы төрт жiгiт Қодарды сүйрей жөнелдi...

Жиын болып, кiсi өлтiрiп, ел ортасында құлақ естiп, көз көрмеген сұмдықты өз қолдарымен iстеп шыққан топ, атқа мiне сала, жан-жаққа шашырай тарады. Үнсiз, жым-жырт айрылысты.
Жалғыз-ақ, Бөжей ғана Сүйiндiк, Қаратаймен бiрге үшеуден-үшеу боп оқшау кетiп бара жатып, күрсiнiп:
– Ер өлтiргенге құн сұраушы ең. Ендi құн сұрамақ түгiл, өкпе-кiнә қылар да мұршаң жоқ. Өлтiрген өзiңсiң. Қырық рудың адамы кесек атып өзiң өлтiрiп отырсың, не бетiңмен үн шығарасың? - дедi.
Қаратай танып келедi, Бөжейдiң түп есебiнiң көбiн Құнанбай бұзып кеттi. Бөжейге, әсiресе, Құнанбайдың осы айласы батқан тәрiздi. Қаратай соны ескерiп:
– Шариғаттың шын бәлесiн түпке сақтапты ғой. Бұл шариғат та айлаға құрық бере. Беретiн болды ғой. О да Құнанбайдың қойны-қонышында десейшi, – дедi.
Сүйiндiк басылып, шошып қалғандай екен:
– Құрсын! Тек бәле осымен бiтсiн, тынсын десеңшi!– дедi.
Бөжей, көп арбасқандықтан Құнанбай тәсiлiн түкпiрлей танушы едi:
– Бiту, тыну ма?– деп күрсiндi де:– Бөкеншi, Борсақ, қашан айттың деме, шылбырды Қодар мойнына салған жоқсың. Бұйырса, осыменен өз мойныңа да салған боларсың, жазған!- дедi».


5 часть обзора

Следующая публикация интересного отрывка на казахском языке из романа М. Ауэзова «Абай жолы».

Объединяющая сила Кунанбая.

"Құнанбай – өз басы бiр шешеден жалғыз, бәйбiшенiң жалғызы. Қара шаңырақ иесi. Қалың дәулет пен әмiр, билiк иесi. Жасқа да көп туысынан өзi үлкен. Сол себептi, үлкен әкесi Ырғызбайдан тараған осы мына жиырма ауылдың мынандай топтарының iшiнен бiрде-бiр жан әлi күнге Құнанбайдың алдынан көлденең шығып көрген емес. Тiптi, өкпе-назы болса да, ашып-жарып айта алмайтын. Ал, бiрақ Құнанбай сойыл соғарды, қол қимылды, тiзе мен ызғарды керек қылған жер болса, бұл қауымның iркiлетiн бiрi жоқ. Шоқтай жиын – мықты топ. Жер алуда, ел алуда, оңайдан мал табуда бұлар Құнанбайдың қабағын қалт еткiзбей түсiнедi. Неше қабат, бәйбiше-тоқал боп жатқанмен, Құнанбай бұлардың араларындағы араздық болса, лезде жойып отырады. Араздық ұстағанын әлденеше рет пайдадан, олжадан қалдырып, жазалап отырып, өз ырқына көндiредi.

Өзара бiрлiгi – үнемi табыс екенiн жете танытқан. Соны ұққалы осы Ырғызбай шетiнен бай боп алды.

Соңғы уақытта, тiптi, iшiнен атысып жүретiн күндес қатындар да араздығын сыртқа шығара алмайтын боп алған. Олардың кәрiсiн де, жасын да, қайнысы не байы, не баласы от басынан әрi шығармай тұншықтырып, басып отырады. Болмағанын, не байына, не бiр тентек қайнысына сабатып алып, өзгелерi «шоқ-шоқ» деп те тұрысады.

Осымен бар ынтымағын Құнанбайға бағындырған жиырма ауыл дәл бiр ұялас бөрiдей едi. Қалың Тобықты iшiнде ең қолшыл, ең мықты болатын себептерi де осы".


6 часть обзора

Продолжение интересных отрывков из романа М. Ауэзова «Абай жолы».

Слова напутствия матери Абая перед его дорогой в Каркаралинск.

«Баласы атқа қонып, жүруге ыңғайланып, тiзесiн қымтай бергенде Ұлжан өзiнiң үлкен ақ саусақтарын жирен аттың жалына салды. Бiр нәрсе айтатын сияқты. Абай осыны аңғарып, анасының жүзiне қарағанда, Ұлжан бұған бiраз көз салып тұрып:
– Балам, үлкендер бiрде тату, бiрде араз бола беретiн. "Күндестiң күлi күндес" дегендi сен бiлмей-ақ қой. Бөжекеңдi көрген жерде сәлемiңдi түзу бер. Бiр кезде жақсы жақының едi. Кiм тентек, кiм мақұл? Қайдан бiлдiң? Әкең дұшпан десе, сен әдiл бол! Жамандыққа кiм табылмайды дейсiн, жан ашырдан айрылма!– дедi».


часть обзора

Продолжение интересных отрывков из романа М. Ауэзова «Абай жолы».

Условие примирения Кунанбая и Божея.

«Осы уақытта Қаратай ауыз үйге шығып, Ызғұтты мен Майбасарды шақырып ап:

– Татулық болды, татуластырды! Алшекең мен Баймұрын екi жақтың да бар сөзiне ие боп өздерi сөйлеп, өздерi шешiп отыр. Осылай етiңдер деп мырза да, Бөжей де ерiк берiп едi! – дедi.

– Ал, байлау не болды? Тынымы не болған екен?..– деп, Майбасар ентелей түстi.

– Тынымы да өзгешелеу болды бiлем. Араларың алыс болса, қыз алысып, құда болысыңдар дер едiк. Ағайынсың, жақынсың, бiрақ сол жақындығың қайта жаңғырсын! Екеуiң бала алысыңдар! Бөжей Құнанбайдан бала ауысып, бауырына салсын. Сөйтiп, иiстерiң аралассын!– дестi.

– Осыған тоқтасты ма?

– О не қылған бала? Өзiнен туған бала ма?..– деп, Майбасар, Жақып қайталай сұрасып едi.

– Тәйiрi айттым ғой! Өз баласы! Асырауға алады!..– деп, Қаратай асығып қайта кеттi.

Абай мына байлауға қатты аңырып, аң-таң болумен бiрге, iшiнен бiр түрлi түршiгiп қалды…

Ертеңiнде Бөжейлер жүрер кезде Абайдың Қарқаралыда естiген жат сөзiнiң шешуi жеттi. Өз үйiнде жер бауырлап жылап, Айғыз жатыр екен. Қарабас мұның қолынан Кәмшатты алып, шарт киiндiрiп, үлкен үйге апарыпты. Екi көзi қарақаттай жайнаған, аппақ Кәмшат, мұндағы барлық үлкендерге:

– Аға, ата! Ата... Аға!.– деп, кiшкентай нәзiк саусақтарын созып, жалт-жалт қарайды.

Мұның әлдеқандай жалынышты түрiн көруге шыдамай Ұлжан шығып кеттi. Үнсiз жылап, бүктүсiп Зере қалды. Үлкендердiң арасынан аяз лебiн сезгендей боп Абай да атқып шығып кеттi.

Құнанбай босаңсыған пiшiндердiң барлығына жалғыз көзiн оқтай қадап, атып жiбергендей қарайды. Қарқаралыдағы байлау бойынша, мұның Айғыз қолынан тартып алып берiп отырған баласы осы».


часть обзора

Продолжение интересных отрывков из романа М. Ауэзова "Абай жолы".

Первая встреча Абая с Тогжан.

"Бұл үйге әсiресе, өзгеше көктем нұрын енгiзген бiр жан бар. Ол Сүйiндiктiң қызы – Тоғжан. Абай келгеннен берi Тоғжан үлкен ағасы Асылбектiң отауынан осы үйге бiрнеше рет келiп кеттi. Сылдырлаған шолпысы, әлдеқандай былдырлаған тiлменен Тоғжанның келерi мен кетерiн паш етедi. Құлақтағы әшекей сырғасы, бастағы кәмшат бөркi, бiлек толған неше бiлезiктерi – баршасы да бұл өңiрден Абайдың көрмеген бiр сәнi сияқты. Толықша келген, аппақ жүздi, қырлы мұрын, қара көз қыздың жiп-жiңiшке қасы да айдай боп қиылып тұр. Қарлығаш қанатының ұшындай үп-үшкiр боп, самайға қарай тартылған қас, жүрекке шабар жендеттiң жебесiндей.

Тоғжан үйдегi сөзге құлақ салып, не күлiп, не қымсынса, сұлу қастары бiр түйiле түсiп, бiр жазылып толқып қояды. Елбiреп барып дiр еткен қанат лебiндей. Самғап ұшар жанның жеңiл әсем қанатындай. Биiкке, алысқа мегзейдi...

Бiрер мезгiл Абай өзiне қараған Тоғжанның әдемi қара көзiн байқады. Солғын қарау емес, Абайды анықтап, түстеп, барлай қараған сияқты.

Абайдың да әйелге анықтап қызыға қараған жолы осы сияқты. Тоғжан ұзағырақ қадалып, көз алмай отырып ақырын қызғылт тартқандай болды да, көзiн тайдырды...

Орташа келген қырлы мұрыны ендi анық көрiндi. Қырынан қарағанда бiртүрлi сүйкiмдi екен. Жұмсақ жұмыр иегiнiң астында жұқа ғана бiр толқындай боп, нәзiк бұғағы бiлiнедi. Жылтырап таралған шашы қап-қара қалың өрiммен, ерекше аппақ, нәзiк мойнына қарай құлап түсiптi. Үлкен де, кiшi де емес, әшекей сырғасы дiрiл қағып, дамыл алмай сiлкiне түсiп тұр.

Әлденеден, белгiсiз себептен Тоғжан пiшiнi қызара түсiп, қайта сұрланады. Толқып қайтып тұрған ұяңдық па, басқа ма? Әйтеуiр өзiнше, өзгеше тыныс алып, лүпiл қағып тұрған бiр сезiм бар...

Көз алдында Тоғжанның аппақ жұмыр бiлегi, жас баланың етiндей, ақ торғындай мойыны! Таң осы да... Өзi ғой!

...Ақ етiң аппақ екен атқан таңдай!

Шынымен бар жанымен құлай табынған сұлуға қарап, бар сезiммен үнсiз жырлап тұрған тәрiздi. Тоғжанға арналған, ең алғашқы "ғашығым" деген жарына арналған жан жарының тұңғыш жолы осы едi..."


9 часть обзора

Продолжение интересных отрывков из романа М. Ауэзова «Абай жолы».

Тактика Кунанбая для привлечения Абая на свою сторону.

«Әуелi Құлыншаққа жiбердi. Ол Құнанбайға өкпелi. Сүйiндiк болса, ол да бұрыннан ренiштi адам. Кеше түнi бойғы әңгiмеде Абай өз әкесi туралы үлкен кiсiлердiң аузынан ең алғаш сын сөздерiн есiттi. Ол әңгiмелердiң iшiнде талай-талай мәндер жатыр. Сүйiндiк те Құлыншақтай өкпелi адам. Ал ендi мiне, тiптi Бөжеймен тiзе қосып, әрдайым жаулықты мықты ұстап жүрген Байдалыға жiбермек. Оның Құнанбайға қарсы араздығы қатты бекiп қалған тоң сияқты емес пе едi? Көңiлi жiбiдi ме, қабағы жадырады ма? Абай бiлмейдi.

Ендi соған бармақ. "Осы қалай" деп, бiраз ойлана түсiп, Абай өз әкесiнiң iшiн түсiнгендей болды. Тегi әкесi өзiне жау адамдарға Абайды әдейi жiберетiн болар. "Жау барын көрсiн, түсiн танысын. Тани келе, көре келе, әкесiне достығы, тiлеулестiгi күшейсiн " деген болу керек.

Абай осыны ұқты да, қатты толқып, қиналып ойланды. Шытырман. Бiр сәтке Абай өзi көлденеңнен қарап, шытырман iшiне жалғыз, құралсыз, әлсiз күйде ерiксiз кiрiп бара жатқан өзiн көргендей болды.

Өзiн-өзi ойша екiге бөлiп, осылайша көлденең көзбен көре жүретiн әдет Абайда әр кезде болушы едi».


10 часть обзора

Продолжение интересных отрывков из романа М. Ауэзова «Абай жолы».

Слова Кунанбая Абаю об обвинениях в свой адрес.

«Құнанбай баласының осы көңiлiн анық таныды бiлем. Қаратай мен Байдалы үшiн болмаса да, өз баласы мен өз туысы үшiн бiр жауап керек. Ол тiптi аналардың орайын беру үшiн, әсiресе, керек.

– Қаратай жүйрiк қой. Жер таниды. Айтқаны шын болса керек. Бiрақ өз топшылауым бойынша, адамның қай мiнезi қасиеттi болса, сол мiнезi мiнi де болады. Мен өмiрде ұстаған нәрсемдi берiк ұстанам. Жақсылық – кiсiнiң айнымас табындылығында деп бiлемiн. Соның түбiнен мiн шығатын кез де болатын шығар!– деп, үндемей түнерiп отырып қалды. Дау айтқан кiсi жоқ.

Абай әкесiнiң жауабын ғана бiлмек едi. Ойландыратын жауап естiдi.

Құнанбай аздан соң ғана барып, әлгiден де жуасыңқырай түсiп:

– Адам пенде ғой! Пенденiң жоқ-жiтi толған ба?– дедi.

Қияласа да өз мойнына кiнә алып отыр.

Бұл кезде Абайға әкесi жадағай көрiнбедi. Кiнәға, дауға жүйрiк Байдалы сияқты емес. Ол шешендiктен гөрi басқарақ түкпiрi бар жан сияқты. Оңай жан емес. Қабат-қабат шың сияқты.

Құнанбай өз ойымен кетсе, Абай өз көңiлiндегi түйiнiн аяқтата алмаған, өз дағдарысымен кетiп едi».


11 часть обзора

Продолжение интересных отрывков из романа М. Ауэзова «Абай жолы».

Хитрый расчет Кунанбая.

«Қаратаймен қырбай болғандықтан, Құнанбай Көкшенiң жайлауына ортақ болғысы келгендей.

Бұның ар жағында бiрталай есеп бар. Осы жазда Жiгiтек, Бөкеншi, Көкше боп тағы да қайтадан бас құрасатын сияқты. Кешегi Байдалы айтқан сәлем тегiн емес. Астыртын шеп бiрiктiрiп жатқан елдiң дақпырты тәрiздi. Ендеше солардың әр алуан шиырын, сыбыр-жыбырын бiлiп отыру үшiн Құнанбай өзiне қараған елдiң бiразын, дәл сол елдiң арасына таман кiрiстiрiп жiберу керек.

Жайлау аралас болса, қыдырыс-жүрiс аралас болады. Сыбаға, қонақасы аралас болады. Сүйтiп мал басы түйiсiп отырса, ел тарту оңай. Ал, мұндай есепке Зере отырған үлкен үйдiң барғаны жақсы. Бұл көп Тобықтының үлкен санайтын, күтетiн үйi. Және Күнкедей емес, Ұлжан қонағуар, кең бейiл, мырза.

Оның асы мен көлiгi, өң шырайы адамды дос етедi, тарта бiледi. Iшiне қан қатқан, сонау қатты жаулық болмаса, ет пен терiнiң арасында жүретiн уақ-түйек өкпенi жуып-шайып отырады. Осының бәрi Құнанбайға ел әпередi».


12 часть обзора

Продолжение интересных отрывков из романа М. Ауэзова «Абай жолы».

Слова Зере своему сыну – Кунанбаю о Камшат.

«Мұның әмiрiнен жасқанып өскен Айғыз саябырлап қалды. Бiрақ сыбырлап сөйлеп, тұншыға жылады. Құнанбай ақырып:
– Қысқарт ендi, басыңа көрiнгiр, не көрiндi, басыңмен кеткiр!– дедi.
Айғыз жауап қайырған жоқ. Бiрақ Абайдың қасында отырған Ұлжан жаулығының ұшымен көзiн сүртiп:
– Өртенсең де, үндемей өртен дегенi ме? Кәмшатты ойласа, бүгiн емес, көптен күңiренедi бұл жандар. Кiмге айтады? Қайда айтады?– дедi. Құнанбай оған да барын айтқызбай тежеп:
– Жә, бiрiң бастап, бiрiң қостамай! Басалқы, басу айтады десе, о несi?- дедi. Ұлжанға Айғыздай зекiрген жоқ, кiнәлай сөйледi.
Үй iшiнiң наразы үнiн осылай баспақ. Бiрақ онысына Зере болған жоқ.
– Қорқытпа келiндерiмдi! О несi?– деп қатты зекiп қап, iлгерi жылжып кеп, екi қолымен жер тiреп отырып, баласының жүзiне аса суық қарады. Абай өз әжесiнiң мұндай қайратты ашуын бұрын көрмеген сияқты.
Зере Құнанбайға әлi де қадала қарап, түйiлiп отыр. Құнанбай шешесiнiң ажарын сездi де, жуаси түстi. Көзi де шеше көзiнен тайқып кеттi.
– Айында, аптасында бiр көредi. Арыз мұңын саған айтпай кiмге айтады? Қатты болсаң қасыңа бол! Досыңа, қатын-балаңа қатты боп, қайда барасың өзiң? "жер тәңiрiсi сенсiң" деп қошеметшiң айтсын! Бұл жерде, бұл мекенде сен мойныңдағы қарызы мол әкесiң, бiлдiң бе? Айтам ғой, "жер тәңiрiсiмiн" десең де, аяғың аспаннан салбырап түскен жоқ. Сен де бенденiң ұлысың, анадан туғансың. Менмiн сенi тапқан. Мынау аналар аналық зарын айтады. Кәмшат турасында күйзелтiп, күңiрентiп отырсыңдар, сендер, бiздi. Тап ендi емiн, тап ақырғанша! Құтқар анау қаршадай жетiмегiмдi!- деп, қатты бұйрық етiп тоқтады».


13 часть обзора

Интересные отрывки из романа М. Ауэзова «Абай жолы».

Упоминание Кунанбая в поминальной песне дочерей Божея.

"Әкекем... Жеткiзбей кеттiң... Арманда кеттiң... Зармен кеттiң, жетiм бейбақ бiз болдық... Пана кiм? Неге аңыраттың?" деген сияқты жерлерге келгенде, барлық үйдiң iшi қайта егiлiп, тыйыла алмай, тұншыға жыласады. Абайға да шын жылаудың ең ауыр кезi осы болды. Ол көз жасын тiптi iрке алмай қойды. Буына жаздап, булыға жылап отыр.
Осымен бiраз барды да, екi қыз әкелерiнiң өмiрiне, өмiрiндегi ерлiк, жақсылық iстерiне түсiп кеп, бiр сәтте дауыстың мәнiн аса бiр тосын жайға салды.
Бөжейдiң өзiн қойып, тұстастарын айтып келiп, әркiмдi атай отырып үйдiң iшi тегiс жым-жырт тына қалған уақытта, бiр кезде Құнанбай атын сап еткiздi.
Төрде төмен қарап, тымағын көзiне киiп, тұнжырап отырған Құнанбайды мынау екi қыздың қатал даусы басқа соққандай болды.
Бiрақ бұл – дауыс. Намаз сияқты бұзылмайтын жол-жора. Айтар сөз, тыяр тыйым, iстер шара жоқ.
Екi қыз сөздерiн барған сайын қатайтып, қадалып кеп:
Жау боп шықты Ырғызбай
Айыпқа бердiң бiр қызды-ай, –
деп бiр кетiп және бiр сәтте:
– Оның аты Құнанбай,
Жүйрiктiгi құландай
Шұбарлығы жыландай...–
деп, жарып өттi. Жалғыз көзге дәлдеп тұрып қамшы ұрғандай қатал жаза.
Құнанбай қасындағы үлкендер бәле шығып кете ме дегендей қыбылжи бастады. Жөткiрiп, қақырынып, қозғалақ қақты. Бiрақ Құнанбай тiстенiп ап, сыр бермей шыдап бердi».


14 часть обзора

Интересные отрывки из романа М. Ауэзова «Абай жолы».

Первое свидание Абая с Тогжан.

“Абай ақырын сәлем берiп, жасаулы отауға кiргенде, аққұба жеңге төсек жанында тұр екен де, Тоғжан жерде көрпе үстiнде отыр екен...
Абай амандасып тоқтағанда, сыпайы жеңге бұған жақындап кеп, тымағын алып, белiн шештi.
Тоғжан алғашқы минуттарда қатты қысылып, өте ақырын амандасып, өзгеше қызарды. Бiр кезде оның жүзi ағара бастап, сұрланып кетедi. Жүрек толқыны мен ұялу аралас. Барлығы да лүпiл қаққан шыншыл қанмен бетiне шығып, сыр айтып қайтады...
Абай оңаша қалғанда, әуелде қатты қысылды. Бiрақ байқап қараса, Тоғжан тiптi ұялшақ. Тiптi нәзiк, жазықсыз бала тәрiздi. Өзi де басында не дерiн бiлмей, сөз таба алмай, аса қиналған. Ендi ойласа, бұл қалыпта екеуi рақат кештi зая қып өткiзетiн тәрiздi.
Аз уақыт Тоғжанға иiле қарап отырып:
– Тоғжан, менiң сәлемдерiмдi есiттiңiз бе? Бар сөзiм сiзге арналған, сiздi сағынудан туған сөз едi, iлтипат қып еледiңiз бе? дедi.
Тоғжан iшiнен: "iлтiпат қылмасам мұным не?" дегендей. Бiрақ ақырын жымиып күлдi де:
– Есiттiм, Абай! Өлеңiңiз жақсы екен!– дедi…
Тоғжан, сiздi қайтiп ұмытайын?– деп кеп, Абай Тоғжанның әдемi аппақ қолын ұстады.
Тоғжан қолын тартыңқырап, ұялды да, ығысып қалды.
Осы кеш екi жасты бiр-бiрiне соншалық сүйiктi, ынтық еттi. Екеуi тек жүз көрiсуден, сөйлесуден басқа ешбiр бөтен тiлек ойламастай. Алғаш көрiскендерi осы болса да, көп жайларды айтысты. Шын сағынышты, ынтық жандар боп ұғысты.
Таң жақындаған кезде ғана жеңге қайта оралды. Сол шай жасай бастап, тысқа тағы бiр шығып кеткенде, Абай Тоғжанға жақындап кеп, үндемей ғана бетiнен сүйдi. Тоғжан оттай жанып, қып-қызыл боп кетiп, әлсiз ғана қорғанып, Абайдың жүзiн екi алақанымен қысып, кейiн шегiндiре бердi. Қарсылық емес, ұялу едi. Абай қайта ұмтылып, қатты құшақтап кеп, Тоғжанды оң көзiнен ұзақ сүйiп тұрды. Бұл сәтте Тоғжанның әлсiз қарсылығы да сезiлген жоқ.
Жiгiт сүйiп тұрғанда, Тоғжан ақырын ғана қымсынып, ыстық бетiн Абайдың бетiне басты, сүйттi де тез босап кеттi.
Абай:
– Сәулем!– деп барып, құшағын жазды”.


15 часть обзора

Интересные отрывки из романа М. Ауэзова «Абай жолы».

Первая встреча и ночь Абая со своей невестой – Дильдой.

«Осы жаймен бiраз отырған соң, есiк жақта үлкен қозғалыс басталды. Босағаға жақын отырған келiншектер түрегелiп, шымылдықты есiкке қарай созып тұрған уақытта, тыстан бiр топ қыздар кiрдi. Солардың ортасында басына қызыл жiбек шапан жамылған, бетiн түгел бүркеп алған – қалыңдық бар.
Абайлар Дiлдәның бойын ғана көрдi. Ол кебiсiн шешiп жатқ анда, сырт сымбаты талдырмаш, бiрақ аса сұңғақ бойлы, биiк көрiндi.
Абайдың төменгi жағынан орын босатылған-ды. Қалыңдық осы араға келiп, шапанын басынан алмай, күйеуге азырақ сырт берiңкiреп, қырындау отырды.
Абай амандасармыз деп ойлап едi. Қалыңдық бетiн бұрған жоқ. Сондықтан екеуi амандаса да алмады.
Дiлдә келiсiмен ас жасалып, төр де, шымылдық iшi де ас жедi. Бiрақ күйеу мен қалыңдық көп дәм татқан жоқ. Сол астың артынан төрде отырған, түсi Абайға көрiнбейтiн бiр молда неке оқыды. Суық су құйған бiр кесе төрдегi жұртты жағалап кеп, Абайға ұсынылды. Абай ұрттады да, Дiлдәра бердi.
Осының артынан екi жеңге ақырын күлiсiп кеп, Абай мен Дiлдәның алдына қарсы отырып, екеуiнiң де оң қолдарын алып, бiрiне-бiрiн ұстаттырды…
Абай әлi күнге Дiлдәмен тiл қатысқан жоқ. Бiр-бiрiнiң жүздерiн де жақсылап көрiскен жоқ. Жалғыз-ақ есiктен келiп, шымылдық iшiне кiрiп, Абай қасына отыра берерде ғана Дiлдә өз бетiн ашпай, Абайды сығалап көрiп қалған. Онда да бiр-ақ сәтке көрген.
Төсек салған жеңге, жұмысын бiтiрiп кетiп қапты. Мынау Дiлдәны ертiп кеп, үй жанына қойып, Абайды iздеп кеткен екен.
Абай үйге кiрдi. Шымылдық түсiрiлдi, төсек әзiр тұр. Жеңге Дiлдәны кiргiзбей тұрып, Абайды шешiндiре бастады. Сырт киiмiн Абай өзi шешiп едi. Жеңгесi соны iлiп келiп, дәл мәсiнi шешерде, ырымды ескерттi…
Қалыңдық қараңғыны жамылып, ар ұялар iске, жүзiн ғана ұялтып, өзi басып келе жатқан сияқты. Абай осы күйдiң бәрiне ендi ыза болып, не қылсаң о қыл дегендей тек жатты.
Бiрақ Дiлдәның бар қозғалысын естiп жатыр. Ол қамзалын шештi. Мәсiсiн де тастады. Бiр сәтте төсекке келдi. Соншалық жасқанбай, тура келдi де, көрпенi аша берiп, орнын сипады. Абай төсектiң шетiне жуық жатыр екен. Күйеу өзi, алғаш қалай жатқанын байқамаған. Қырылдаңқырап шыққан қатқыл дауыспен қалыңдық: – Ар жатшы!– дедi.
Талай күннен берi сан ырымды жасап, мәпелеп, аялап келген екi жардың ең алғаш тiл қатысқаны осы едi. Абай үркiп қалғандай қатты серпiлiп, iрге жаққа бiр-ақ аунады.
Қазiрде Абай көңiлi қандай салқын болса, Дiлдә да сондай жалынсыз. Әдетке, жетекке ергенi болмаса, дәл жүрегiнде ол да Абайды жатырқап келген. Соның үстiне, сен Құнанбайдың баласы болсаң, мен Алшынбайдың қызымын деген өр көңiл де болатын.
Әлдекiмше жасқанып, қылымсыған жоқ. Жеңгелер не бұйырса, соны iстедi.»


16 часть обзора

Интересные отрывки из романа М. Ауэзова «Абай жолы».

Слова Зере, бабушки Абая, о подготовке к асу Божея.

«Ырғызбайдың осындай көпшiлiгi бас қосқан кеңесiнде Зере сөйледi:
– Байлауын байладың. Ендi, түге, жат жиынның алдында жас балаларымның жақсы талабын жер қылмаңдар. Өлiге еткен қызметтен бастарың кiшiреймес. Араз-құразды ұмытыңдар адам болсаң! Тiрiсiнде алғыс алмасаң, ендi тым құрыса, өлi аруағынан қарғыс алма. Балаларым мен келiндерiм, сендер де төбеңмен жүр! Отымен кiрiп, күлiмен шық қонағының! Ердiң сыны шабуыл мен шаптығуда емес - кiшiпейiл, мейiрде! Шалдықсаң да қабақ шытпа! Қуанып, жарқырап жүрiп күт! Дабырайып, желiгiп те кетпеңдер! Жым-жырт, момын жүрiп күтiңдер! Болмаса мынау ағайынның төрт көзi түгел отыр ғой мiне, өл де маған! Бiрi қырт, бiрi дарақы мақтаншақ, бiрi ұрдажық, даңғой атанғанда -осындай көп жиын үстiнде масайып, оспадарлық қылам деп, сондай атақ алатын!- дедi».


XVII часть обзора

Интересные отрывки из романа М. Ауэзова «Абай жолы».

Последние свидания Абая с Тогжан.

«Осы түн ел әбден ұйқтаған кезде, Абай мен Ербол үй тонайтын ұрыларша жасырынып бұғап, ептеп басып кеп, Асылбек отауының есiгiне жеттi. Екеуi де киiз есiктi жамылып тұрып, iштегi ағаш есiктi ашудың амалына кiрiстi. Үй iшiнде ояу жатқан әйел бар екен. Шолпы сылдыры естiлдi. Кәрi кiсi болмау керек. Бұл үйде шолпы тағарлық екi-ақ кiсi болуға лайық. Оның бiрi – жеңге, бiрi – Тоғжан...
Абайдың iлгерi созып келе жатқан оң қолы жiбек шымылдыққа тиген кезде, алдынан қарсы қозғалып келе жатқан Тоғжанның ыстық саусақтары мұның бетiне тиiп едi. Екеуi де шапшаң ұмтылысып кеп, қатты құшақтасты да, ұзақ-ұзақ сүйiсiп, үнсiз жабысып тұрып қалды. Дiрiлдеген демдерi қосылып, ыстық ерiндерi ендi айрылмастай табысқан-ды.
Тып-тыныш жаздың таңы сары қабақтан баяу атып, түрiлiп келе жатқан шақта Абай мен Ербол Жәнiбектен жөнеле бердi…
Жолдасы Абай күйiн ұққандай боп, жымиып қана күлiп, сүйсiне қарап келедi екен. Абай атының басын iркiп, тоқтаңқырап тұрып, Ерболды ат үстiнен құшақтады да:
– Ербол, сынама менi! Өмiрде атын ғана есiткенiм болмаса, бақыт деген не? Шын шаттық деген не? Дәл осы түнге шейiн соларды таныған да, татқан да емес ем. Несiн айтасың? Көрiп келесiң. Жайым, барым сол емес пе?– дедi.
Осы күннен соң, аз уақыт iшiнде, Жәнiбек жаққа Абай тағы барды. Бiрақ өз қызығының жақсы дәуренi бiткен екен...
Әке-шеше өздерi ұйғарып, бұйырды да, мұны тағы да қайнына жүргiзетiн болды. Жалыны да жоқ, тiлегi де жоқ сұлық көңiлмен Абай көне бердi. Айдалып кеткен кiсiдей Қарқаралыға кеттi.
Бұл жолы ай жарым жүрiп, Ділдәні алып келді».


17 часть обзора

Интересные отрывки из романа М. Ауэзова «Абай жолы».

Последние свидания Абая с Тогжан.

«Осы түн ел әбден ұйқтаған кезде, Абай мен Ербол үй тонайтын ұрыларша жасырынып бұғап, ептеп басып кеп, Асылбек отауының есiгiне жеттi. Екеуi де киiз есiктi жамылып тұрып, iштегi ағаш есiктi ашудың амалына кiрiстi. Үй iшiнде ояу жатқан әйел бар екен. Шолпы сылдыры естiлдi. Кәрi кiсi болмау керек. Бұл үйде шолпы тағарлық екi-ақ кiсi болуға лайық. Оның бiрi – жеңге, бiрi – Тоғжан...
Абайдың iлгерi созып келе жатқан оң қолы жiбек шымылдыққа тиген кезде, алдынан қарсы қозғалып келе жатқан Тоғжанның ыстық саусақтары мұның бетiне тиiп едi. Екеуi де шапшаң ұмтылысып кеп, қатты құшақтасты да, ұзақ-ұзақ сүйiсiп, үнсiз жабысып тұрып қалды. Дiрiлдеген демдерi қосылып, ыстық ерiндерi ендi айрылмастай табысқан-ды.
Тып-тыныш жаздың таңы сары қабақтан баяу атып, түрiлiп келе жатқан шақта Абай мен Ербол Жәнiбектен жөнеле бердi…
Жолдасы Абай күйiн ұққандай боп, жымиып қана күлiп, сүйсiне қарап келедi екен. Абай атының басын iркiп, тоқтаңқырап тұрып, Ерболды ат үстiнен құшақтады да:
– Ербол, сынама менi! Өмiрде атын ғана есiткенiм болмаса, бақыт деген не? Шын шаттық деген не? Дәл осы түнге шейiн соларды таныған да, татқан да емес ем. Несiн айтасың? Көрiп келесiң. Жайым, барым сол емес пе?– дедi.
Осы күннен соң, аз уақыт iшiнде, Жәнiбек жаққа Абай тағы барды. Бiрақ өз қызығының жақсы дәуренi бiткен екен...
Әке-шеше өздерi ұйғарып, бұйырды да, мұны тағы да қайнына жүргiзетiн болды. Жалыны да жоқ, тiлегi де жоқ сұлық көңiлмен Абай көне бердi. Айдалып кеткен кiсiдей Қарқаралыға кеттi.
Бұл жолы ай жарым жүрiп, Ділдәні алып келді».


18 часть обзора

Интересные отрывки из романа М. Ауэзова «Абай жолы».

Разговор Абая с Каражан.

«– Е, өзiмiз аш қалсын дейсiң бе?– деп, Қаражан қырыстана бердi. Абай қатты долданып, ақырып жiбердi:
– Аш қалмақ түгiл, қырылып қал! Бересiң! Бермей қырыстанып көр осыдан! Күнде кешке кеп тексерiп тұрамын. Орындамасаң, өзiңнен көр! Менi тап осы өңiрден айдатып жiбермесе, сендiк әлiм бар. Масқара қып тұрып көндiремiн! Бiлдiң бе! Қолымнан алатын Тәкежан жоқ. Көзiңдi ашып қара! Орындайсың, сол!– деп қадалып қарап, үндемей тұрып қалды.
Оң қолы ұзын қамшысын қымтып ұстай бастаған екен. Қаражан соны байқады да, жауап айтқан жоқ. Түнде Тәкежан аулының үстiне кеп орнаған Дәркембайлар. Абай жаңа Дәркембайдың өзiн ере жүр деп шақырған-ды. Қазiр сол да кеп жеткен екен. Анадайдан құлақ салып, Абайдың ашулы үнiн естiп келе жатыр.
Қасына Дәркембай келгенде, Абай Қаражанға тағы түйiле қарап тұрып:
– Мiне, сенiң аулыңнан ас iшетiн кiсiлердi мына Дәркембай бастап кеп тұрады. Жалғыз өз үйiң емес, осы ауылда неше түтiн, неше қазан бар, соның бәрiн асқызып отыр. Бар аулың қызмет етсiн!– дедi. Қаражанда әлi де үн жоқ.
Абай атының басын бұра берiп, Дәркембайға:
– Сен бұл ауылдың күйеуi емессiң! Күмiлжiме, бiлдiң бе? Жұмысыңнан келгенде, тура:" ас бер!" де. Бермесе, бөгесе менiң тап өзiме қолма-қол кеп айтып тұр. Осыдан айтпай, жасырып қалсаң, Дәркембай болмай, қатын боп қал! Ұқтың ба?– дедi де, Абай жүрiп кеттi».


19 часть обзора

Интересные отрывки из романа М. Ауэзова «Абай жолы».

Роль посланников Кунанбая

«Әкесiнiң ашуланған пiшiнiн байқап, Тәкежан ырза бола бастады. Томырылған ашумен қатты бұйрық айтар деп дәмеленiп едi. Бiрақ Құнанбай мұның көзiнше шешiлген жоқ. Тек қана: "тыю салу керек" дедi.
Сүйiттi де бұл екеуiн қойып, Жақыпты шақыртты. Тәкежанға:"қайта бер" деп, бұйрық еттi. Келесi күн таңертең Жақып Жидебайға келiп, тағы да Зеренiң үйiнде отырып, Абайға әке сәлемiн айтты.
Әке жағынан екiншi рет кiсi келiптi және үлкен жұмыстар тұсында ауыр бұйрықпен жүретiн Жақып келiптi. Осал белгi емес. Тегiнде, ауыл-аймақ болсын, ағайын ортасы болсын, Құнанбайдың сәлемдерiн әрқашан жiберген кiсiлерiне қарай, салмақтап танитын. Мысалы:"алып кел, айдап кел!" дегендей бұйрық болса, ол Қарабас, Қамысбай сияқты атшабарлар түрiнде келедi. " айтып, бiлдiрiп кел!" десе, жорға Жұмабай пiшiндес болады. Кейде, ондай сәлеммен Құдайбердi, Абай да жүрiп қоятын. " қорқытып ызғар тастап, үйiрiп кел!" десе Ызғұтты, Майбасар боп келедi. " ұғындыр да бағындыр!" десе, осы Жақып шығады. Ол, бiрақ, рулар арасындағы келелi сөзге, iргелi кеңеске жүретiн. Ал, iс тiптi үлкен боп, көп елмен қаржасатын кез болса, ондайда Қаратай шығады».


20 часть обзора

Интересные отрывки из романа М. Ауэзова «Абай жолы».

Абай и Куандык

«Абай Қуандықтың ақ саусақтарын қатты қысып отырып, екi бiрдей жүректiң жан тамырлары бiр соққанын сездi.
– Екеумiздiң жүрегiмiз бiр соғады-ау! Көремiсiң? Айтқаныңа қуандым. Менi де өзiңдей көр!– деп қалды.
Осыдан соң бұлардың әрбiр күлкiсi, әзiл сөздерi, қабақ қимылдары – барлығы да сондайлық бiр тәттiлiк қуаныш белгiсiн көрсетiп отырды. Ойынды сылтау етiп бiр рет сүйiскенде, бұлардың жүздерi де шын ләззәттан белгi берiп, бiр-бiрiне ып-ыстық боп тиiстi.
Осы түннiң қылаңдап атқан таңында, қонақтар тарай бастаған шақта, Қуандық Абайды шеткi үйге қарай жөнелттi.
Жұрттың бәрiн таратып, жайғастырып болған соң, сол үйге өзi де келген едi. Шеткi үй оңаша екен. Iшiнде бiр ғана төсек бар. Иесi қартаң әйел ерте тұрып кеткен сияқты. Екi жас ыстық құмарлықпен, жалындап табысты. Тығыз жерде, тар уақытта кездескендiктен екеуi де үнсiз едi. Қалтқысыз келiп, iркiлмей қосылған құшақтары бұларды сол үнсiз, жым-жырт толқын iшiне iлезде тартып әкеттi.
Осыдан соң тағы да бiрнеше күн ойын-сауық болды. Абай мен Қуандық арасы тең жастардың жақсы достығына айналды. Бiрақ бары сол ғана. Екеуi iркiлмей табысқанмен, жалындаған махаббат тумады. Абайға Қуандық оңаша кездескеннен көрi, жұрт көзiнше көп ұнайды. Оқшау жерде Қуандықтың ашықтығы әлдеқандай кекселiк сияқтанып, жiгiт жүрегiне қатаң тиедi.
Қуандықтың Керей iшiнде қайын жұрты бар. Күйеуi бiрнеше рет келiп кеткен екен. Өзiнiң бұрын алған қатыны бар. Қуандық соған тоқал боп бармақ. Қайындап келген кездерiнде қалыңдық оны сүйе алмады. Әрқашан салқын қалатын. Сол мұңдарын Абайға сөйлеп кеп, сұлу қыз өзгеше бiр тiлек ойлағанын айтып едi. Абай жауап айтпай ойға түстi. Бiрнеше баланың анасы болған Дiлдә бар. Рас, Қуандық Абайдың теңi. Тәрбиесiмен, өнерiмен, ақыл парасатымен де өзгеше жан. Сөз жоқ.
Әлi күнге өз өмiрiнде кездескен әйелдердiң iшiнде Абайдың өнерлi, сұлу, қайратты қыз көргенi осы.
Бiрақ Қадырбайдың ренiшiнен аттап, өту, Дiлдәнiң балаларын ұмыту, оңай iстер емес. Осының бәрiнiң үстiне, Құандықты ақылы сүйсе де, жүрегi оншалық бой тартпайды. Осы күндердiң өзiнде де Абайдың көңiлiнен Тоғжан ұмытылған жоқ. Қайта, мынандай шешен, ашық, атақты Қуандықпен тайталасқандай боп, көз алдына шын сүйгенi елестей бередi. Абайға ол ләззәт бұл дүниеде қайта оралып келместей. Онымен тең жан тумастай, табылмастай едi.
Тоғжан есiне түссе, Абай тар төсекте де Қуандықтан тартынып, құшағын iрке бередi…
Қарашаш пен Асылбекке Абай бөлек-бөлек сөйлесiп едi. Баяғыдан Абай басына тiлеулестiгi күштi Қарашаш мына сөздi қуанып тыңдады да, тез қостады
Бiрақ бұл қанша мақұл көрсе, Асылбек соншалық жатырқап, қарсы шықты.
– Бұл iс болмайды. Қолдан келмейдi. Жазығы жоқ Алшынбай қызын Құнекең ренжiте алмайды. Алшынбайдан кетiсем демесе, саған рұқсат етпейдi. Қуандық қайын жұртына жаман атты болады. Соның бәрi жиылып кеп кәрi Қадекеңе дерт болады. Менен басқа кiсi естiмесiн. Осы арада қалсын!- деп, Абайға қатты салмақ салды».


Автор обзоров: Аскар Калдыбаев


Наша страница на Facebook