2025 жылы 1996 жылғы Арбитраж туралы заңға (Arbitration Act 1996) елеулі өзгерістер енгізіліп, ол ішкі және халықаралық коммерциялық арбитраж үшін де неғұрлым «заманауи» сипатқа ие болды. Түзетулер бірқатар негізгі мәселелер бойынша құқықтық айқындықты қамтамасыз етіп, Англия, Уэльс және Солтүстік Ирландиядағы арбитраждық талқылауларды реттейтін қолданыстағы сенімді негізді нығайтады.
Енгізілген өзгерістердің бірі — жаңа 6А бөлімінің қосылуы. 6А(1) ережесіне сәйкес, егер тараптар өзгеше келіспесе, арбитраждық келісімге арбитраж орнының құқығы қолданылады. Бұл бөлімде тікелей көрсетілгендей, тараптардың өзге келісімі болмаған жағдайда негізгі шартқа қолданылатын құқық арбитраждық келісімге автоматты түрде таралмайды.
23А бөлімінде арбитрдің өз бейтараптығына негізді күмән тудыруы мүмкін мән-жайларды сайланғанға дейін де, одан кейін де ашу міндеті енгізілді. Сайланғанға дейін мұндай ақпарат оның кандидатурасын қарастырушы тұлғаға, ал сайланғаннан кейін — талқылау тараптарына ашылуға тиіс. Бұл норма Schedule 1-ге (mandatory provisions) енгізілген, яғни оны тараптардың келісімімен жоюға болмайды. Норманы енгізу «арбитрдің бейтараптығына күмән» негізінде арбитраж шешімдерін даулау санын азайтуға бағытталған.
24(5А) және 29(1) бөлімдеріне енгізілген түзетулерге сәйкес арбитрлердің иммунитеті айтарлықтай нығайтылды. Бұл ережелер арбитр отставкаға кеткен немесе оны қарсылық білдіріп шеттету туралы сотқа өтініш берілген жағдайда, жосықсыз әрекеттер немесе анық негізсіз мінез-құлық жағдайларын қоспағанда, арбитрдің жауапкершілік көтермейтінін бекітеді.
Сонымен қатар Kompetenz-Kompetenz қағидаты күшейтілді: жаңа 32(1А) тармағына сәйкес, арбитраж трибуналының құзыреті туралы сотқа өтініш берілген кезде, егер бұл мәселе бойынша трибуналдың өзі шешім шығарып қойған болса, сот оны қарауға құқылы емес.
Бұдан бөлек, төтенше арбитрлерге арналған жаңа 41А бөлімі енгізілді. Олардың рөлі тұрақты арбитраж трибуналы құрылғанға дейін, тараптардың келісімі болған жағдайда, шұғыл қамтамасыз ету шараларын қолдану туралы өтінішхаттарды қараумен шектеледі. Тарап (немесе тараптардың бірі) төтенше арбитрдің шешімінде көзделген міндеттемелерді орындамаған жағдайда, ол орындалуы міндетті және мемлекеттік соттардың қолдауымен қамтамасыз етілетін императивті (перемпторлық) бұйрық шығаруға құқылы. Бұл бөлім төтенше арбитрлердің шешімдері толық құрылған арбитраж трибуналы шығарған шешімдермен бірдей тәртіппен мәжбүрлеп орындатуға жататынын тікелей бекітеді.
Айта кету керек, қарастырылған ережелер енгізілген түзетулердің бір бөлігін ғана қамтиды. Өзгерістер енгізілген заң 2025 жылғы 1 тамызда күшіне енді.