Орталық Жаңалықтары

Дана Тоқмурзина «Атамекен» ҚР ҰКП Арбитраж орталығының Атқарушы директоры болып тағайындалды

2026 жылғы 17 шілдеде «Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлерпалатасы Төралқасының шешімімен «Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттықкәсіпкерлер палатасының Арбитраж орталығы» жеке мекемесінің Атқарушы директоры болып Дана Айтмағанбетқызы Тоқмурзина тағайындалды.

Дана Тоқмурзина – заң ғылымдарының кандидаты, салық құқығы магистрі (LL.M inTax Law, Queen Mary University of London), халықаралық салық салу саласындағы ADIT халықаралық дипломының және FT Non-Executive Director дипломының (Financial Times Board Director Programme) иегері.

Оның кәсіби жолы құқық және салық салу саласындағы 20 жылдан астам жұмыстықамтиды.

2023 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін – бизнес-консалтингпен (заң, салық, кеденмәселелері, HR консалтинг және Академия) айналысатын Fortune Partners компаниясыныңқұрылтайшысы.

2021-2023 жылдары – Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының әкімшілік дауларжөніндегі сот алқасының алғашқы құрамындағы судья, салық, кеден және монополияғақарсы дауларға маманданды.

2011-2021 жылдары – PwC заң және салық практикасының партнері, клиенттергесалықтық тексерулерде, сотқа дейінгі шағымдану мен сот дауларында қолдау көрсетті.

2004-2011 жылдары ол Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салықкомитетінде жұмыс істеп, халықаралық салық салу басқармасы бастығының міндетінатқарды.

Сондай-ақ Дана Тоқмурзина Дүниежүзілік банктің салық реформасы жобасыныңконсультанты және ЕҚЫҰ-ның сот реформасы жөніндегі консультанты болды, Салықреформасы жөніндегі жобалық офистің және KazBar Заң консультанттары палатасыБасқармасының құрамына кіреді, Жоғарғы Сот жанындағы Сот төрелігі академиясыныңдоценті, сондай-ақ Maqsut Narikbayev University-де Assistant Professor болып, онда Салыққұқығы мектебін басқарды.

«Атамекен» ҚР ҰКП Арбитраж орталығы – коммерциялық дауларды тиімді шешудіқамтамасыз ететін Қазақстанның жетекші төрелік мекемесі. Жаңа Атқарушы директордыңбасшылығымен Орталық төрелік институтын дамыту және бизнестің дауларды соттан тысшешуге деген сенімін арттыру жөніндегі жұмысын жалғастырады.