2025 жылғы 1-2 шілдеде Астанада АХҚО Халықаралық арбитраж орталығы Herbert Smith Freehills LLP заң фирмасымен бірлесіп ұйымдастыратын «ХАО Еуразиялық арбитраж апталығы 2025» (EAW25) жыл сайынғы іс-шарасы өтеді.
2024 жылы іс-шараға АҚШ, Ұлыбритания, Еуропа және Азиядан 200-ден астам қатысушы жиналды.
EAW25 — үшінші жыл сайынғы Еуразиялық арбитраж апталығы. Бұл — Еуразия мен бүкіл әлемдегі арбитраж және дауларды шешу саласындағы жетекші сарапшыларға арналған негізгі алаң. Арбитрлер, жеке практикадағы заңгерлер, корпоративтік заңгерлер, саясаткерлер мен ғалымдар арбитраж бен дауларды шешудің заманауи практикасын, сондай-ақ өңірдегі бизнеске арналған сын-қатерлерді, жаңа мүмкіндіктер мен стратегиялық шешімдерді талқылау үшін бас қосады.
Іс-шараға АХҚО Сотының төрағасы Құрметті Лорд Мэлдондық Бернетт, ХАО төрағасы Томас Крюммель, сондай-ақ дипломатиялық өкілдіктердің басшылары, Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының жоғары лауазымды өкілдері, әртүрлі елдерден келген арбитраж және құқық саласындағы жетекші сарапшылар қатысады.
Биыл іс-шара бағдарламасы алты тақырыптық сессиядан тұрады:
· Еуразия кеңістігіндегі арбитраждың ерекшеліктері
· Еуразиядағы тікелей шетелдік инвестициялар: дауларды шешудің баламалы әдістерінің инвестициялық ахуалға әсері
· Арбитраж практикасын жасанды интеллект дәуіріне бейімдеу
· Корпоративтік заңгерлердің көзқарасы: сот талқылауының орнына дауларды шешудің баламалы әдістерін таңдау
· Еуразияда арбитраж шешімдерін трансшекаралық орындау: практикалық аспектілер
· Арбитражда табысты өкілдік етудің негізгі ұсынымдары: істе қалай жеңіске жетуге болады?
Тілі: ағылшын тілі, орыс тіліне ілеспе аудармамен.
Өтетін орны: АХҚО Соты мен ХАО кеңсесі, Мәңгілік Ел даңғылы, 55/16, С3.1 блогы, Әйтеке би залы, Астана, Қазақстан.
Іс-шараға қатысу тіркелген жағдайда тегін: https://iac-eaw.com/eaw25-ru