Орталық Жаңалықтары

Еуразиялық арбитраж апталығы 2026 Астанада өтеді

2026 жылғы 30 маусым – 3 шілде аралығында Астанада АХҚО Халықаралық арбитраж орталығы ұйымдастыратын «ХАО Еуразиялық арбитраж апталығы 2026» (IAC EAW26) жыл сайынғы іс-шарасы өтеді.

IAC EAW26 — төртінші жыл сайынғы Еуразиялық арбитраж апталығы. IAC EAW26 бүкіл әлемнен жетекші саясаткерлерді, ғалымдарды, корпоративтік заңгерлерді, жеке практикадағы заңгерлер мен арбитрлерді біріктіреді. Іс-шара қатысушыларға арбитраж және дауларды шешу саласындағы әлемнің жетекші сарапшыларымен өзара әрекеттесу үшін бірегей алаң ұсынады. Бағдарлама панельдік пікірталастарды, интерактивті шеберлік сыныптарын және адвокаттық дебаттарды қамтиды.

Биыл іс-шараға арбитраж саласындағы көрнекті әлемдік сарапшылармен қатар халықаралық арбитраж саласындағы әлемнің жетекші мамандарының бірі Гари Борн және Лондондағы Королева Мария университетінің халықаралық арбитражды зерттеу жөніндегі сарапшысы, арбитраж саласында әлемге танылған ғалым, профессор Лукас Мистелис қатысады.

Іс-шара бағдарламасы талқылауға арналған мынадай негізгі тақырыптарды қамтиды:

  • Еуразиядағы халықаралық арбитраж: әртүрлі дәстүрлер, нормативтік негіздер және мәдени күтулер арасында қалай бағдарлануға болады;
  • Дауларды шешу контексіндегі инвестициялық мүмкіндіктер мен тәуекелдер;
  • Орта дәліз бен Жібек жолы аясындағы күрделі дауларды шешу: кешенді тәсіл;
  • Арбитраждағы жасанды интеллект: тиісінше пайдалану, шектеулер және этика;
  • Арбитраж ішінен: корпоративтік заң кеңесшілері шын мәнінде нені қалайды;
  • Бірігу және жұтылу саласындағы трансшекаралық даулар: олар неліктен туындайды және оларды қалай шешуге болады;
  • Арбитраж шешімдерін орындау: табыс стратегиялары.

Тілі: ағылшын тілі, орыс тіліне ілеспе аудармамен.

Өтетін орны: ХАО ғимараты, Мәңгілік Ел даңғылы, 55/16, С3.1 блогы, Астана, Қазақстан.

Іс-шараға қатысу тіркелген жағдайда тегін: https://iac-eaw.com/eaw26-ru